04:57 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Коммуналдық қызмет өкілдері бұдан былай төлемақы үйде тіркеуде тұрған адамдар санына байланысты жүргізілетінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қоқыс үшін төленетін бағаның өзгермегеніне қарамастан Нұр-Сұлтан тұрғындары осы айда қоқыс жинағаны үшін төлем мөлшері артқанын айтады. деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы телеарнасы.

Қала тұрғындарының бірі жақында коттедж сатып алған. Кейіннен коммуналдық қызметтерге төленетін түбіртекте, оның үйінде 24 адам тіркелгенін білген.

"Сұрастырып білгенімізде, анық сондай жағдай болып шықты. Содан олар біздің үстімізден сотқа жүгінген соң 97 мың теңге төлеуге мәжбүр болдық", – дейді астана тұрғыны.

Ал қоқыс шығарумен айналысатын мегаполистік компания қазіргі кезде есептеу тіркелген адам санына байланысты жүргізіліп жатқанын айтады. Коммуналдық қызмет мекемесінің өкілдері жеке тұлғалар туралы мәліметтер базасы әкімдік тарапынан қыркүйек айында тапсырылғанын атап өткен.

Осындай жағдайдан кейін кейбір астаналықтар пәтерлерінде бейтаныс адамдардың тіркелгенін білген. Бір үйде 10, тіпті 20 адам тіркелген жағдайлар да бар.

"Бастапқыда келісімшарт бекіткен кезде бізде екі адам болған. Осы айда бес адамға түбіртек келді", – дейді қала тұрғыны Назым Садықова.

Айта кетейік, қоқыс жинауға арналған тариф бүгінгі таңда бір адам үшін 390 теңгені құрайды.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында ауыл тұрғындары қоқыс өңдейтін зауыттан уланып жатыр

Демек, бұдан былай астаналық пәтер иелері тіркеуге тұрған адамдар санын мұқият қадағалауы тиіс. Егер өзгеріс енгізілген жағдайда қоқыс шығаратын компаниямен келісімшартты қайта жаңартуы қажет.

Ал пәтерде немесе жер үйде қанша адам тіркелгенін электрондық үкіметтің веб-сайтынан немесе EgovKzBot Telegram ботының көмегімен анықтауға ​​болады.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда үкімет басшысы бастаған министрлер қоқыс тазалауға шықты - фото
Еріксіз ішімдік ішкізіп, қорлаған: Алматыда 14 жасар қыз қоқыс маңынан табылды
Алматыда жас жігіт қоқыс шығаратын көлікпен жасырын қаладан шықпақ болды
Тоқаев қоқыс полигондарын тәртіпке келтіруді талап етті
Қоқыс өртеп энергия өндіру қолға алынады – мәжіліс заң жобасын сенатқа жіберді
Кілт сөздер:
қоқыс, коммуналдық қызмет, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып