Қоғам

Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды – видео

© PhotoГрабитель, кража, взлом
Грабитель, кража, взлом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі қарақшы банк бөлімшесіне баса көктеп кіріп, қызметкерлерді қарумен қорқытып, екі миллион теңгені алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Алматы қаласында Kaspi банктің бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қылмыскерлер кассадан екі миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан медициналық бетперде киген ер адамның балтамен касса терезесін сындырып, ішке қарай кіргенін көруге болады. Кассир басында үстелдің астына тығылған. Ал қылмыскер ішке кіргеннен кейін тұрып кетеді. Қарақшы "Сейф открой!" деп, бірнеше рет бұйырады. Содан соң кеңсе заттарын ақтарып, ақшаның жатқан жерін іздейді. 

Банктің баспасөз қызметі осы оқиғаның 15 қазанда болғанын хабарлады. Екі қарақшы банк бөлімшесіне кешке қарай баса көктеп кірген. Ол кезде адамдар болған жоқ. Ер адамдар қызметкерлерді қарумен қорқытып, шамамен, екі миллион теңгені алып кеткен.

"Абырой болғанда қызметкерлердің арасында ешкім зардап шеккен жоқ. Дабыл батырамасы басылғаннан кейін полиция бірден келді", – дейді банк мамандары.

Оқи отырыңыз: Kaspi Талғардағы бөлімшеге жасалған қарақшылық шабуылдың видеосын жариялады

 

Жаңалықтар
0