Видеоның астында Талғардағы банк бөлімшесін шатыр арқылы кірген екі ер адамның тонағаны, осыған байланысты банктің құқық қорғау органдарына жүгінгені хабарланған.
Қарақшылық шабуыл кезінде бөлімшеде клиенттер болмаған. Банк қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Қызметкерлер бірден дабыл қағып, болған жағдай туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына жеткізген.
Банк хабарлағандай, шығын сомасы анықталып жатыр.