Оқиға

Талғарда Kaspi Bank филиалына қарақшылық шабуыл жасалды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талғарда екі белгісіз адам банкке басып кіріп, ақша ұрлап кеткен

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Алматы облысында белгісіз біреулер қазақстандық банк филиалына қарақшылық шабуыл ұйымдастырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бизнесменнің отбасына қарақшылық шабуыл жасаған Шу тұрғыны ұсталды

Талғар қаласындағы Kaspi Bank филиалына қарақшылық шабуыл жасалғаны анықталды. Бұл деректі Алматы облысы ішкі істер департаменті растады.

"Қылмыс бүгін таңертең тіркелген. Оқиға орнында Талғар АІІБ жедел тергеу тобы мен облыстық департаменті жұмыс істеп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық тергеу басталған", — деп хабарлайды облыстық полиция баспасөз қызметі.

Банк баспасөз қызметінің айтуынша, банкті екі ер адам тонаған, олар ғимаратқа шатыр арқылы кіріпті.

"Ол кезде банк клиенттері болмаған. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Банк қызметкері шұғыл арада дабыл батырмасын іске қосып, болған оқиға туралы полицияға жеткізген… Ұрланған сома анықталуда", — деп хабарлайды Kaspi Bank-тің ресми баспасөз хабарламасында.

Жаңалықтар
0