Әлем

Алмазбек Атамбаевтың ұсталуына қатысты тың дерек шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековҚырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Первомай аудандық сотының судьясы Атамбаевты үйқамаққа алу туралы қаулыға жақтастарының тарапынан қысым көргендіктен қол қойған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты іс бойынша шығарылған сот үкімі негізінде изоляторға қамалған. Сот Қой-Таш оқиғалары бойынша қозғалған қылмыстық істі де қарап жатыр.

"5-нен 6 қазанға қараған түні Первомай аудандық сотының судьясына күш қолданылды. Ол қысым көргендіктен Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қаулыға қол қойды", - делінген МҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір ведомствоаралық тергеу тобы сотқа дейінгі өндіріс жүргізіп, осы қаулының күшін жою мәселесін қарастырып жатыр.

10 қазанда Атамбаев Бішкектегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру туралы қылмыстық іс аясында қайта ұсталған болатын. Экс-президентті ұстау сәті видеоға түсіп қалды.

13 қазанда адвокат Замир Жоошев саясаткердің заңсыз ұсталғанын мәлімдеді. Заңгер өз сөзінде Первомай аудандық сотының қаулысына сүйенген. Айтуынша, қаулыға сәйкес, Қой-Таш оқиғаларына қатысты істің барлық фигуранты үйқамаққа алынды.

Қырғызстандағы оқиға

5 қазан күні Бішкекте Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелеріне қарсы митинг өтті. Кешке таман наразылық білдіргендер мен милиция арасында қақтығыс басталып, мыңдаған адам зардап шекті, біреуі көз жұмды. Түнде митингке шыққандар парламент ғимаратын басып алды, кейін Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарын, Садыр Жапаров пен түрмеде отырған басқа да саясаткерлерді босатты.

Тағы оқыңыз: Қырғызстандағы дүрбелең басталған бір аптада қандай оқиғалар болды?

Келесі күні Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының нәтижелерін жарамсыз деп таныды. Сол күні кешке депутаттардың бір бөлігі премьер-министр қызметіне Жапаровтың кандидатурасын мақұлдады.

Ал 9 қазанда төрт партияның одағы премьер лауазымына Омурбек Бабановты ұсынды. Оның жақтастары Атамбаевты қолдау үшін өтіп жатқан митингке қосылып, бәрі бірге Ала-Тоо алаңына бет алған. Сөйтіп, ол жерде Жапаровтың жақтастарымен қақтығысып қалған, Атамбаевтың көлігіне оқ атылды.

10 қазанда Алмазбек Атамбаев пен босатылғандардың бір бөлігі қайта ұсталды. Жогорку Кенеш депутаттары премьер қызметіне Садыр Жапаровтың кандидатурасын мақұлдады.

Жаңалықтар
0