Саясат

Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

© Sputnik / Болат ШайхиновРесейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келіссөздер барысында тараптар халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шараларды айқындайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 16 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ол қазақстандық әріптесімен және республиканың саяси басшылығымен қорғаныс саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді.

"Сапар барысында армия генералы Сергей Шойгу әскери ведомствоның басшысымен және республиканың саяси басшылығымен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру, әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді. Тараптар халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шараларды айқындайды", - делінген Ресей қорғаныс министрлігінің сайтындағы хабарламада.

4 қыркүйекте Ресей қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгудың төрағалығымен ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің бірлескен отырысы өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

ШЫҰ, ТМД және ҰҚШҰ елдері қорғаныс ведомстволарының бірінші басшылары террористік қатерлерге қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алғашқы бірлескен оқу-жаттығу өткізу туралы уағдаласты. Бірінші бірлескен оқу-жаттығу "Кавказ-2020" маневрі аясында өтті.

Жаңалықтар
0