Қоғам

Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

© Photo : Сайт АкордыПрезидент Касым-Жомарт Токаев и министр обороны Нурлан Ермекбаев
Президент Касым-Жомарт Токаев и министр обороны Нурлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы мен Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде министрдің есебін тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті – қарулы күштердің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы мен азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы туралы, сондай-ақ, Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде қорғаныс министрінің есебін тыңдады.

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді - Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев

Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды.

"Соның ішінде қарулы күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-көліктік авиация мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды", – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев еріктілер үшін жақсы жаңалықты бөлісті

Жаңалықтар
0