Өңірлер

Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейеді

© REUTERS / AJENG DINAR ULFIANAЛюди в масках
Люди в масках  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарып, той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі

АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап карантин күшейтіледі. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыға сәйкес, тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

"Жазғы алаңы бар, ашық аулада орналасқан, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін, 30-дан аспайтын отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандары 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Ішінде ұжымдық іс-шара, би алаңы мен үстелдерді біріктіруге тыйым салынсын", – делінген қаулыда.

Сонымен қатар қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

"Адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі бойынша сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін бес минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен қарбалас уақытта маршруттардағы көлік санын арттыруы тиіс", – делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, облыстағы спорт нысандары, фитнес орталықтар мен жаттығу залдарының жұмысы да тоқтатылады.

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.

"Жергілікті полиция қызметі жасырын жүргізіп жатқан отбасылық, ұжымдық іс-шараларды, медициналық маскасыз жолаушылар тасымалдаған қоғамдық көліктерді анықтауға патрульдеу күшейтілсін", – делінген жаңа қаулыда.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде Қазақстан шекарасын кімдер кесіп өте алады

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданында Булаево қаласы мен Есіл ауданының орталығы Явленка елді мекеніне қатаң карантин енгізілген болатын.

Жаңалықтар
0