Қоғам

Карантин кезінде Қазақстан шекарасын кімдер кесіп өте алады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан әуежайы
Нұр-Сұлтан әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус пандемиясына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту уақытша шектелген, шекарадан өтуге рұқсат берілген адамдардың тізімі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шекара қызметі шекаралық бақылау департаментінің офицері Ерлан Данияровтың айтуынша, қазір пандемияға байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту уақытша шектелген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)

Осыған байланысты Қазақстан үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия карантин кезінде шекарадан өту тәртібін бекітіп, шекарадан өтуге рұқсат етілген адамдардың тізбесін анықтады.

Қазақстанға кімдер кіре алады

Қазақстан азаматтары ел аумағына еш кедергісіз кіре алады, шетелдіктерге де елден шығуға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, дипломаттар, ұшақ, пойыз бригадалары, теңіз кемелерінің экипаждары, жүк автокөлігінің және трансшекаралық құрылыстардың қызмет көрсетуші персоналы да шекараны кесіп өте алады.

Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге рұқсат етілген адамдардың толық тізімі ҰҚК сайтында жарияланған.

Сонымен қатар, қазақстандықтарға үкіметтің шешімімен тікелей әуе қатынасы жанданған шет елдерге – Украина, Беларусь, Германия, Нидерланды, БАӘ, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты елдерге баруға рұқсат етіледі.

Егер халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп қарастырылмаса, визалық талаптарды сақтай отырып, аталған елдердің азаматы болып табылатын шетелдіктерге де Қазақстанға ұшақпен кіруге рұқсат етіледі.

Шетелдіктерге қойылатын талаптар

Осы жылдың 3 қыркүйегінен карантиннің әлсіреуін ескеріп, шетелдік Қазақстанмен әуе қатынасы жанданған елден тікелей келуі керек деген талап алынып тасталды.

"Мәселен, Германия азаматы, визасы болған жағдайда, БАӘ-ден Қазақстанға тікелей әуе рейсімен қандай да бір шектеусіз ұшып келе алады", - деді Данияров шекара қызметінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, қайта жанданған әуе рейстерін, карантин кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне сәйкес, азаматтығына қарамастан кіруге рұқсат берілген шетелдіктердің басқа санаттары да пайдалана алады. Мәселен, отбасы мүшелері, емделуге, оқуға және тағы басқа.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 6 қазаннан бастап шетелдіктер Қазақстанға келген кезде өзімен бірге мерзімі 72 сағаттан аспайтын ПТР-анықтамасы болуы қажет.

Ад Қазақстан азаматы анықтама болмаған жағдайда, екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады.

Шекара қызметі 8 7172 719-111 анықтама қызметінің нөмірі бойынша, сондай-ақ, Instagram арқылы азаматтарға карантин кезеңінде шекарадан өту тәртібі туралы консультация береді.

Жаңалықтар
0