Қоғам

Кавасаки синдромынан екі бала қайтыс болды – Қожахметов

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 45 баладан мультижүйелі қабыну синдромы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Мультижүйелі қабыну синдромына шалдыққан екі бала көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мультижүйелі қабыну синдромы (Кавасаки – Sputnik) анықталған балаларға тоқталып өтсем, бүгінгі таңда 45 жағдай тіркелді. Жас ерекшелігіне келсек, 2 бала – бір жасқа толмаған, 1-5 жас аралығында – 11 бала, 5-17 жас аралығында – 28 бала. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі бала қайтыс болды", - деді Қожахметов онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мектеп-интернатта коронавирус анықталды 

Айтуынша, балалардың дені елордада тіркелген – 11 адам. Ақмола, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында – 5 бала, Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкентте – 3, Ақтөбе, Атырауда – 2, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында 1 бала анықталды.

Министрліктің мәліметінше, қазір 38 бала емделіп шықты, біреуі әлі стационарда жатыр.

Жаңалықтар
0