Қоғам

Қазақстанда мектеп-интернатта коронавирус анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевРазметка на парте в дежурном классе для соблюдения социальной дистанции
Разметка на парте в дежурном классе для соблюдения социальной дистанции  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде науқаспен байланыста болғандар анықталып, 14 күндік карантинге алынды, деп атап өтті Бағдат Қожахметов

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазіргі таңда Қазақстанда 138 оқушы коронавирус жұқтырғаны расталды. Бір жағдай мектеп-интернатта тіркелген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"5 қазандағы жағдай бойыша республикада 138 оқушы коронавирус жұқтырды. Соның ішінде 52 бала кезекші сыныпқа барып жүрген, 86 бала қашықтан оқыту кезінде ауырып қалды. Тағы бір жағдай мектеп-интернатта тіркелді. Бүгінде науқаспен байланыста болғандар анықталып, 14 күндік карантинге алынды", - деді Қожахметов онлайн брифингте.

Айтуынша, індет басталғалы бері коронавирус 2551 баладан табылған. Ең көп Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелді.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрлігі індетті жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатқанын мәлімдеді 

7 қазандағы жағдай бойынша коронавируспен 74 бала ауырып жатыр. Оның ішінде 32-інде ауру белгілері байқалмайды, 31 балада ауру жеңіл өтуде, ал жетеуінде ауырлық дәрежесі – орташа.

Қожахметовтың айтуынша, бір балада бактериалды сипаттағы пневмония анықталған, тағы біреуінде коронавирус асқынып, вирустық пневмонияға ұласқан.

Жаңалықтар
0