Америкалық The Military Watch Magazine әскери-сараптамалық басылымы ескірген Мигов паркін ауыстыру үшін Алжир Ресейге Су-57 жойғыштары мен басқа да әуе техникаларына тапсырыс берді, деп жазды. Сонымен қатар, жақында Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметінің (ӘТЫФҚ) директоры Дмитрий Шугаев Алжирдегі әріптестерімен келіссөздер жүргізді, тараптар 14 Су-57Э ұшағын жеткізудің егжей-тегжейін талқылады.
Бұған дейін Алжир Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауында 5-ші буын жойғыштарының алғашқы иесі болуға ниет білдірді. Алжирдің Menadefence әскери жаңалықтар сайты былтыр желтоқсан айында Алжир жағы Ресейде жасалған соңғы үлгідегі жойғыш және бомбалаушы ұшақтардың бірнеше партиясын жеткізуге келісімшарт жасасқанын хабарлады.
Негізгі шешім 2019 жылдың жазында, алжирлік делегацияның ресейлік МАКС әуе салонына барғаннан кейін қабылданды. Жеткізілімдерді 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл Алжирдің әскери-әуе күштеріне бір эскадрилья - Су-57, Су-35, МиГ-29М2 (әрқайсысы 14 ұшақ), сондай-ақ Су-30МКА-ның екі қанаты мен 14 Су-34 бомбалаушы ұшағын орналастыруға мүмкіндік береді. Өзінің аймақтағы көршілерінің әуе күштерін жоспарлы түрде нығайту аясында (Марокко 25 F-16 жойғыш ұшағына бәс тігіп отыр, Италия "көрінбейтін" F-35 ұшағын алуды жоспарлап отыр), Алжирдің 5-ші буынның "көрінбейтін" ұшақтарына иелік етуге ұмтылып отыр. Су-57 ресейліктердің басқа жойғыштарымен бірге әуеде басымдықты қамтамасыз ететінін сеніммен айтуға болады.
Әскери авиация саласындағы алжирлік-ресейлік келісімшарттардың ауқымы әртүрлі мәліметтер бойынша, 2 миллиардтан 6 миллиард долларға дейінгі қаржыны құрайды. Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметі Су-57-нің Алжирге жеткізілуі туралы ақпаратты ресми түрде растамайды және жоққа да шығармайды. Бірақ "жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайтыны" анық. Мәселен, VI халықаралық АРМИЯ-2020 әскери-техникалық форумы аясында ӘТЫФҚ баспасөз хатшысы Мария Воробьева бірнеше елдің ресейлік Су-57 жойғышын сатып алуға ресми өтінім жібергенін мәлімдеді.
Ресейде жасалған ұшақтар мен авиациялық жою құралдарының арқасында Алжирдің әуе күштері Африка континентінде ең дамыған, теңдестірілген және қуатты болып саналады. Әскери-әуе күштері алыс қашықтықтағы зымырандармен әуе және жер нысандарына кең ауқымда соққы бере алатын 45 ауыр Су-30МКА (4+ буыны) жойғыш ұшағынан тұрады. Су-30 жойғыштарының Х-31 қанатты зымырандарды (жылдамдығы 3Мах-тен жоғары), МиГ-29 жойғыштарының төрт эскадрильясы мен Су-24М-дің 36 бомбалаушы ұшағын қолдана алатын "әскери қабілеті" мен мүмкіндігі бар.
Алжирдің таңдауы ресейлік қаруға түскені (аспанда, құрлықта, теңізде) кездейсоқ емес. Шетелдік баламалардан барлық жағынан басым түсетін ресейлік Су-57 жойғышы жарнаманы қажет етпейді. Әскери ұрыс жағдайында Су-57-дің өте аз шағылысатын беті қарсыластың радиолокациялық станциясына көрінбейді.
Әуедегі үстемдікті үш өлшемді тартқыш векторы бар қозғалтқыштар, негізінен радиолокациялық станция және Су-57-дің нысанды анықтаудың оптикалық электрондық бірегей жүйесі саналатын "ақылды корпусы" қамтамасыз етеді. Ресейлік жойғыш ұшағының 400 шақырымға дейінгі қашықтықтағы әуе мен жердегі нысандарды анықтай алатын, 62 нысанмен қатар жүріп отыратын, дыбыстан жоғары жылдамдықты еселейтін және қарудың 14 түрін алып жүретін (он тонналық арсенал екі ішкі бөлікте орналасқан) әлеуеті бар.
Су-57 жауынгерлік жүктеме мен өз салмағына тең келетін рекордтық арақатынасқа ие, сондықтан оған бұл көрсеткіш бойынша бесінші буындағы басқа ұшақтармен тең келе алмайды. Бұл зымырандық қару Сирияда тапсырмаларды орындау кезінде сәтті сыналды. Су-57 "көрінбейтін" F-22 және F-35-ті ерте анықтап, жойып жіберуге қабілетті.
The Military Watch журналы "революциялық технологиялардың ізашары" саналатын Су-57 жойғышы үшін арнайы әзірленген жаңа ресейлік К-77 зымыранының мүмкіндіктері туралы жазды. Газеттің мәліметінше, өте ықшам әрі қауіпті К-77 зымыранының ұшу қашықтығы 193 шақырым. Бұл америкалық AIM-120D зымыранынан (180 шақырым) артық. Ең бастысы, жаңа зымыран алыс қашықтықты маневрмен және айрықша дәлдікпен біріктіре алады. Антенналық торды белсенді басқарудың фазалық технологиясы K-77-ні тіпті экстремалды қашықтықтағы кішігірім және қозғалмалы нысандарға қарсы өте тиімді етеді.
Зымыранның тұмсық тұсындағы күрделі радиолокациялық жүйе "көру өрісі" проблемасын еңсере алады және бұл оны өзінің айналасында 360 градуста ұстап тұруға мүмкіндік береді. Қарсыластың бірде-бір жойғышы К-77-нің "көру өрісінен" жалтарып кете алмайды.
ӘТЫФҚ басшысы Дмитрий Шугаев жақында Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық саласында қатаң заңдар мен халықаралық міндеттемелер аясында сенімді серіктес ретінде әрекет ететінін атап өтті. Бұл ретте 2020 жылы ресейлік тапсырыс портфелінің 55 миллиард долларға бағалануы (ТМД елдерінің үлесі - 2 миллиард доллар) кездейсоқ емес. Ол өзінің бұл "салмағынан" бірнеше жылдан бері айырылмай келеді. Тапсырыстардың 45%-і авиацияға, үштен бірі әуе қорғанысы техникасына, ал 15%-і жердегі техникаларға тиесілі. Алдағы уақытта бірегей Су-57 жойғыш ұшағы басым секторға (әскери әуе күштері) ұсынылатын тапсырыстарды анағұрлым көбейтуі мүмкін.