Әскери-теңіз флотын ауқымды жаңарту аталған бағдарламаның әлеуеті болып табылады. Бұл РФ Теңіз доктринасына сәйкес алдағы міндеттерді сәтті орындауға және ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді
РФ кеме жасау саласындағы FlotProm басылымының ақпарат көзі 16 шілде күні Ресей ӘТФ үшін бірден алты суүсті кемесі мен субмарина қаңқасын қалау басталатынын айтқан. Адам сенгісіз құрылыс қарқыны жоспарға сәйкес жүріп жатыр және оның бюджеті де қомақты.
2020 жылы әскери теңізшілер 28 жылда алғаш рет өнеркәсіптен бірден 6 суасты қайығын алады: төрт атомдық – 955А және 885М жобалары мен екі дизель-электрлік – 636.3 және 677 жобалары. Аталған мемлекеттік бағдарламаны орындау барысында әскери-теңіз флотындағы заманауи қару-жарақ техникасының үлесі 63%-тен асты. Бұл мықты дамыған бірқатар елдегімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (50%-ке дейін). Ендігі меже – 70%-ке жеткізу. 2027 жылға дейін РФ ӘТФ жалпы 180-нен астам кеме мен жаңа жобадағы су көліктерін алады. Сондай-ақ, "Ясень-М" атомдық суасты крейсері, "Борей-Б" дәлдігі жоғары зымырандық қары бар суүсті кемесі мен "Катран" Ка-52К су жаңа теңіз тікұшақтарымен жабдықталған екі тікұшақ тасымалдаушы техника құрылысы қарастырылған.
Петербургтегі зымырандық фрегаттар
МҚБ теңізге қатысты бөлігінің әлеуеті – 20385 пен 20386 жобаларының корветтері және 22350 мен 22350М жобаларының фрегаттарының құрылысы. Санкт-Петербургтің "Солтүстік верфінде" 16 шілде күні 22350 жобасының екі фрегатының құрылысы басталады. Ұзақ қашықтыққа жүзетін бұл теңіз кемелері "адмиралдық" топтамадағы жетінші және сегізінші кеме болмақ. Оларға орыс адмиралдары Иван Юмашев пен Эмиль Спиридоновтың есімдері беріледі.
Су сыйымдылығы 5 мың тоннаны құрайтын алыс теңіз аумағының заманауи фрегаттары суүсті кемелері және суасты қайықтарын іздеуге және жоюға арналған. Сондай-ақ, олар әуедегі, зымырандық және судағы шабуылға қарсы қорғанысқа, теңіз десанттарымен бірлескен әрекеттерге, азаматтық кемелер мен өндірістік нысандарды қорғауға арналған.
22350 жобасының фрегаты қарсылас кемесі мен жағалаудағы нысандардың көзін жоя алатын "Оникс", "Калибр-НК" немесе "Циркон" 16 қанатты зымырандарымен қаруландырылған. Ашық дереккөздердің мәліметіне сәйкес, "Циркон" кешенінің 3М22 гипердыбысты зымырандары 3С14 іске қосудың әмбебап тіке қондырғысынан орындалады. Ол, сондай-ақ, "Калибр" және "Оникс" зымырандары үшін қолданылады. Бір-біріне ыңғайлы алмастыру мүмкіндігі әрбір әскери тапсырманы саралап орындауға мүмкіндік береді.
Тағы оқыңыз: Жаңа танкерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі
Фрегаттың суасты қорғаныш жүйесі әуе шабуылына қарсы қорғаныстың атмосфералық жүйесін еске түсіреді және әлемде баламасы жоқ. Кеме корпусы көзге түсу деңгейін төмендету технологиясы бойынша дайындалған. Сондықтан, қарсылас РЛС оны байқамауы әбден мүмкін. Көрінбейтін кеме құны 500 миллион долларға дейінгі соманы құрайды. Есесіне, зымырандық кемелердің бүкіл топтамасы флот мүмкіндіктерінің ілгерілеуін қамтамасыз етеді.
Еске салсақ, 22350 "Флот адмиралы Касатонов" жобасының алғашқы сериялық фрегатының Солтүстік және Балтық флоттарындағы сынақтары сәтті өтіп, жақын уақытта ол Ресей ӘТФ әскери құрамына кіреді. Жүзу ұзақтығы – 4 500 миль, автономдылығы – 30 тәулік, экипаж - 170 адам.
Северодвинск субмариналары
Ресей әлемдік мұхиттың кез келген нүктесінде ұлттық мүддені қорғай алатын жаңа суасты флотын салып жатыр. "Ясень" сериясындағы жеті кеме бұл міндетті орындауға көмекші болары сөзсіз. Северодвинскте 16 шілде күні "Ясень-М" 885М жобасының екі атомдық суасты крейсерінің жұмысы басталады. Заманауи көпнысанды субмариналар "Калибр" қанатты зымырандарымен, "Оникс" жоғары дыбысты кемеге қарсы зымырандарымен "Циркона" гипердыбыстарымен, 533 мм торпедамен қаруландырылады. Оларға "Воронеж" бен "Владивосток" атаулары берілгелі отыр. Бұл топтамадағы алғашқы субмарина 2019 жылы теңізге жіберілген болатын. Ол жақында әскери қызметке қабылданатын болады.
Модернизацияланған "Ясень" жобасының негізгі мақсаты – әлеуетті қарсыластың стратегиялық маңызы бар суасты крейсерлеріне немесе авиатасымалдағыш топтарын бақылау және нысан мен төнген қауіпті тез арада жоюға тұрақты дайындық. Осы тұста бір ғана америкалық зымыран тасымалдағыш "Огайо" 24 баллистикалық зымыранмен қаруланғанын және олардың әрқайсысында 475 килотоннадан 12 ядролық оқтұмсық бар екенін ескеру керек. Әскери патрульдеу аумағында ресейлік әскери теңізшілер осындай арсеналды үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
13800 тонна су сыйымдылығы бар 885М жобасының көзге түсу ықтималдылығы төмен атомдық суасты крейсері жоғары технологиялық жүйелер және қару-жарақ кешенімен қамтамасыз етілген ерекше мүмкіндіктерге ие. Субмарина ОК-650В ядролық реакторларымен жабдықталған және 520 метрге дейінгі тереңдікте әрекет ете алады. Автономдылығы – 100 тәулік, суасты жылдамдығы – 31 торап. Экипаж – 64 адам.
Керчь кеме жасау зауытында 16 шілдеде француздық "Мистральдің" баламасы саналатын 23900 жобасының екі әмбебап десанттық кемесінің (ӘДК) іргесі қаланады. Осы тектес кемелер бұған дейін Ресейде құрастырылмағанымен, ӘДК 2026 жылға дейін Ресей флотына жоспарға сәйкес кіре алатыны күдік тудырмайды. Жоба құны шамамен 100 миллиард рубль. Сириядағы әскери операциялар су сыйымдылығы 25 000 тоннаға дейін ірі десанттық кемелер болуының маңыздылығын көрсетті.
Жаңа кемелердің нақты сипаттамалары әзірше белгісіз. Бұған дейін хабарланғандай, ӘДК бортында 16-20 тікұшақ, десанттық және шабуылдаушы катерлер, 75 бірлік бронь техникасы, штаттық режимде қаруланған 100-ге жуық теңіз жаяу әскері, біршама арсенал мен әскер және қарулы күштердің жедел тобы штабы бола алады. Бұл артиллерия, зениттік зымырандық кешендер, кемеге қарсы қорғаныс құралдары, РЭҚ пен навигация жүйелері, әскери басқарудың іріктірілген жүйесін есепке алмағанда. Мыңдаған теңіз милясын артта қалдырып, жабдықталмаған жағалауға әскер мен техниканы жеткізу аталған кеменің басты міндеті болып табылады.
16 шілдеде Санкт-Петербург, Северодвинск пен Керчьте іргесі қаланатын кемелердің мүмкіндігіне талдау жүргізсек, Ресей ӘТФ-ның қуатты дамуын байқауға болады. Бұл ғаламшардағы көршілерге сес көрсету үшін емес, қарсыласқа суүсті және суасты жағдайында төтеп беру үшін жасалып жатқанын айта кету керек. Ресей флотының басты мақсаты – ұлттық мүддені, шекараны және одақтастарын қорғау.