"Панцирь" – ұшқышсыз ұшу құрылғыларына қарсы тиімді құрал

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуЗенитный ракетно-пушечный комплекс "Панцирь-С" во время командно-штабных учений
Зенитный ракетно-пушечный комплекс Панцирь-С во время командно-штабных учений  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық тарап Ливияның ресейлік өндіріс кешені саналатын "Панцирь" құрылғысы соққысының салдарынан ұшқышсыз ұшу аппараттарынан айырылғанын мойындады

Батыстағы бәсекелестердің әлемдік қару-жарақ нарығындағы ең мықты саналатын Ресейдің зениттік-зымырандық және зымыран-зеңбірек кешендерінің беделін түсіруге бағытталған жеке әрекеттері қатал шындыққа төтеп бере алмайды. Әскери ұрыс жағдайында Ресейдің қару-жарақтары батыста жасалған соңғы үлгідегі қару-жарақтардан едәуір жоғары. Ал "Панцирь–С" мобильді кешені – соның айқын мысалы.

Зенитная ракетная система С-400 - Sputnik Қазақстан
Түркия С-400 кешенін не үшін таңдады
АҚШ қарулы күштерінің (AFRICOM) Африка қолбасшылығы үлкен кідірістен кейін 2019 жылдың қараша айында Ливияда ресейлік өндірістің "Панцирь-С1/Э" зениттік-зымыран кешені америкалық соққы жасайтын MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшу құрылығысы мен Италия әскерінің MQ-1 Predator көп нысанды көздеуде қолданылатын MQ-1 Predator аппаратының атып түсірілгенін мойындады.

AFRICOM барлау қызметінің жетекшісі контр-адмирал Хайди Берг оқиғаның егжей-тегжейін баяндаған жоқ. Бірақ бұған дейін 20  және 21 қарашада Ливия астанасы Триполи аймағында Ливияның Халифа Хафтар ұлттық армиясының құрамындағы "Панцирь" кешенімен АҚШ пен НАТО-ның ұшқышсыз ұшу құрылғылары жойылғаны хабарланған болатын. 50 бірліктік кешенді БАӘ Ресейден сатып алды, оны әмірлік тарапы сәтті пайдаланып, кейін ол Ливияға өтті.

MQ-9 Reaper және MQ-1 Predator жердегі нысандарды мүлт жібермейтін ұшқышсыз ұшу құрылғысы ретінде жасалғаны белгілі. Алайда, Ливиядағы ресейлік жоғары технологиямен дайындалған "Панцирь" аппаратымен тең түсе алмады. Оның үстіне, экономикалық тиімділігі жағынан "Панцирь С1/Э" зениттік-зымырандық және зымыран-зеңбірек кешені (НАТО кодификациясы бойынша – SA-22 Greyhound, экспорттық құны – 14 миллион долларға дейін баратын) құны едәуір қымбат (30 миллион долларға дейін жететін) ауыр америкалық ҰҰҚ-дан асып түседі.

Бұған дейін MQ-9 Reaper Иран, Сирия, Йемен аумағында да атып түсірілген. Соған қарамастан ол АҚШ пен НАТО-ның бірқатар елдерінің соққы жасайтын "мықты" ұшқышсыз ұшу құрылғысы болып қала береді. Пентагон жақын арада ресейлік "Панцирь-С1" кешенін жоюға арналған арнайы ұшқышсыз ұшу құрылғысы жүйесін әзірлеуді жоспарлап отыр. Америкалық жаңа ұшу аппараттарының көлемі салыстырмалы түрде шағын болып келеді. Салмағы 100 киллограммға дейін, жылдамдығы – сағатына 130 шақырымға дейін, ал  қашықтығы – 350 шақырымға дейін жетеді. Ал әзірге АҚШ әскері Аризонадағы Юма полигонында өзіндегі қолда бар құрылғыларымен "Панцирьді" жою әдіс-тәсілдерін барынша меңгеріп жатыр.

Әлемнің әртүрлі аймақтарында болған ұрыс қимылдары кезінде "Панцирь" кешені жүзден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын жойып, мамандардың жоғары бағасын алады. Сирияда бұл кешен "ақылды зымырандарға" және "көзге көрінбейтін" ұшу құрылғыларына қарсы тұра алатын ең тиімді құрал ретінде бағаланған.

Идлиб провинциясындағы Әбу-Духур гуманитарлық дәлізі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей Сирия үкіметінің Идлибтегі атысты тоқтату туралы шешімін құптады
Сирияның пайдалану тәжірибесін ескере келе, "Панцирь-С1М" зениттік-зымырандық және зымыран-зеңбірек кешенінің жаңартылған экспорттық нұсқасы барлық ұшқышсыз ұшу құрылғысын алыс қашықтықтан тиімді анықтап, қарсы соққы бере алатын мүмкіндікке ие. Ал "Панцирь-СМ"-нің жаңа модификациясы 75 шақырым қашықтықта жатқан нысандарды айқындайды, ал жаңа ракеталар 40 шақырым қашықтыққа дейін ұша алады.

Біз "Панцирь" құрылғысы Таулы Қарабақтағы қақтығысқа ыңғайлы болар еді әрі қарсылас тараптардың әскер күші мен техникалық шығындарын айтарлықтай дәрежеде азайтады деп санаймыз. Армения мен Әзербайжан әскерлері барлау жасайтын және соққы беретін ұшқышсыз ұшу құрылғыларын белсенді түрде қолданып келеді, ал оларды анықтау және жойып жіберу қиын.

Қазіргі заманғы тенденциялар әуе нысандарын көздейтін құрылғылардың пәрмені мен жылдамдығы барған сайын артып келетіндігін, ал олардың көлемі барынша шағын бола бастағанын көрсетеді. Сирияда қарсы тарап аралас әуе соққыларын жасады. Дегенмен, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар бір уақытта әртүрлі бағыттан келіп өз нысанына жақындап келгенімен, еш нәтиже бермеді. "Панцирьдің" өртті басқару жүйесі тор антеннасымен біріктірілген. Әуе нысандарымен және өз зымырандарымен қатар жүріп отырады. Ұшақтардың кішкене бөліктеріне дейін ажырата алатын "қабілетке" ие. Үш радары – оптикалық, алыстағы нысанды (50 шақырымға дейін) анықтай алады.

"Панцирь-С" зениттік-зымырандық және зымыран-зеңбірек кешені – әлемдегі радиолакациялық-оптикалық басқару тетігімен және артиллериялық, сондай-ақ көп режимді зымырандық қару-жарақтармен біріктірілген жалғыз қорғаныс жүйесі.

Кешен кемінде 20 шақырым радиустағы (әуе қорғаныс кешені "күмбезінің" биіктігі 15 шақырым) әскери және азаматтық нысандарды барлық зымырандардан, әуе бомбалары мен ұшқышсыз ұшу құрылғыларынан сенімді түрде қорғай алады.

"Панцир" қырық шақты екі сатылы зенитті басқарылатын зымырандармен жүктелген және секундына 1 000 метрге дейінгі жылдамдықпен ұшатын бірнеше нысананы дәл көздеп, бір мезгілде жоятын қабілетке ие. Оның үстіне, оның бағасы салыстырмалы түрде арзан (қарсыластың арзан ұшқышсыз ұшу ұшақтарына қарсы қымбат С-300 және С-400 зымырандық-зениттік кешендерін қолдану қисынсыз).

Панцирь кешені Ресейдің құрлық әскерлері мен әскери-теңіз күштерінің құрамына кірген. Полярлық шеңберден тыс сынақтардан сәтті өткен (ол Коль түбегінде тәжірибелі жауынгерлік кезекшілікті атқарады) және үлкен экспорттық әлеуетке ие. Қазірдің өзінде Ресейге шетелдік серіктестерден 15-тен астам өтініш келіп түскен. Әлемде "Панцирьдің" тура баламасы жоқ және жақын арада пайда болуы нағайбыл. Демек, америкалықтар үшін "Панцирьге" қарсы ұшқышсыз ұшу құрылғылары кешенін құру қиынға соғары анық.

Таулы Қарабақ: қақтығыстың ушығуына қатысты әлем елдері не дейді? - Sputnik Қазақстан
Видео
Таулы Қарабақ: қақтығыстың ушығуына қатысты әлем елдері не дейді?
Сенімді әуе қорғанысы – әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен соққы беретін қару-жарақ кешені тұрақтылығының негізі. Әуе қорғанысының тиімділігіне қажетті заманауи талаптарды ескере отырып, "Панцирь-С" соңғы үлгіде шығарылған гипердыбысты зымыранға қол жеткізді. Ресейлік мамандар зымыран-зеңбірек кешені негізінде "Панцирь" зениттік робот автоматын жасап жатыр.

Ресей қорғаныс министрлігі түбегейлі шешімді қабылдап, тактикалық және техникалық талаптар анықталды. Жасанды интеллектке негізделген құрылғы қарсылас нысандын автоматты түрде табуға, анықтауға және жоюға қабілетті болмақ. Бұл процесс оператордың қатысуынсыз жүріп отырады. Себебі, ол өте төмен немесе өте жоғары температура жағдайында, қарсылас жаппай қырып-жою қаруын қолданған кезде (химиялық, биологиялық, ядролық) маңызды болмақ.

Осылайша, Ресей әуе қорғанысы саласында жаңа технологиялық серпіліс жасап отыр. Ол өзінің жетістіктерін сенімді серіктестерімен және одақтастарымен міндетті түрде бөліседі.

Америкалық The National Interest басылымы "Панцирьді" ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолдану арқылы жаппай шабуылдарға тойтарыс бере алатын мықты қару деп есептейтінін жазған. Ол сондай-ақ ресейлік армияның құрлықтағы әскери күштері әрдайым әуеден келетін шабуылдардан қауіптенетінін, сондықтан әуе қорғанысының әр түрлі арсеналына ие екенін атап өтеді.

АҚШ-тың құрлық әскерлері әуе қаупін бейтараптандыру мақсатында әскери әуе күштерінің қабілетіне сүйенуге дағдыланған. Дегенмен, оның "Панцирь" сияқты жақын радиустан әрекет ете алатын әуе қорғаныс жүйесі жоқ. Сонымен қатар, әуе шабуылына қарсы әрекет ететін бұл зымыран кешенінің әуедегі бір нысанды атып түсіру құны шабуылдаушы ұшқышсыз ұшу құрылғыларының шығындарынан жүздеген есе аз. Ал "Панцирьдің" ұрыс қимылдары жағдайындағы шығыны төмен және оның өзі негізінен күрделі техниканы  дұрыс пайдалану тетігін меңгере алмағандықтан болып жатады.

Жаңалықтар
0