Сондай-ақ, АҚШ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Fox News телеарнасына берген сұхбатында алдағы уақытта оқиғалардың өрбуімен толығырақ бөлісіп, оған америкалық басшылықтың көзқарасы жайлы айтып берді, деп жазады РИА Новости.
Иран тақырыбының кезекті рет күрт талқыға түсуі маңызды күн – 2020 жылғы 18 қазан жақындаған сайын жасалып жатқан әрекет.
Дәл осы күні Бірлескен тұтастай қамтылған әрекеттер жоспарының (БТӘЖ, оны көбіне "ядролық мәміле" деп атайды) маңызды тармақтарының бірі – қару-жарақ эмбаргосының мерзімі аяқталады. 18 қазанға дейін Иранға қару-жарақ тасымалдау рұқсат алу сипатында болды және ол үшін БҰҰ-ның арнайы мақұлдауы болуы тиіс. АҚШ БТӘЖ-ден 2018 жылы шығып кеткен болатын. Бірақ, қару-жарақ эмбаргосының әрекет ету мерзімі аяқталуына аз қалуы оларды мәміленің басқа мүшелерімен қарым-қатынасын белсенділендіруге мәжбүр етті. Себебі, бұл тақырып АҚШ үшін аса жақын.
Дәл осы мәселе бойынша олар бір апта бұрын ауыр сәтсіздікке ұшырады. Вашингтонның эмбаргоны ұзарту туралы резолюцияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі арқылы "өткізуге" тырысуы сәтсіз болды.
Мәселе Ресей мен Қытайдын вето құқығын қолдануында да емес. Штаттар оқиғаның осылай өрбитініне алдын ала дайын болды. Америкалықтар үшін жоғарыда аталған ұсынысты тек бір ғана ел Доминикан Республикасы қолдағаны жанына батты. Қауіпсіздік кеңесінің басқа мүшелері бұл мәселеге дауыс беруден қалыс қалуды ұйғарды. Өздерінің антиирандық саясатымен ең жақын одақтастарының да ығырын шығарғанына дәлел бола алатын мұндай нәтиже Вашингтон үшін нағыз масқара болғаны рас. Бірақ, бұл олардың ұстанған позициясына еш әсер ете алмады.
Майк Помпеоның жаңа қадамы Вашингтон бір қадам да кері шегінбейтінін және діттеген мақсатына жетпей тынбайтынын білдіріп отыр. Америкалық биліктің табандылығы мен бірізділігі тәнті болуға лайық екенін мойындау керек. Олар кез келген кедергіні елемей, бет алған бағытқа қарай жылжып келеді. Алайда, олар бір орыннан қозғалмай "жылжып" келе жатқанын түсінбей отыр. Осы тұста олардың жұмсаған күш-жігері мен қол жеткен нәтиже, жалпы, осы әдістің тиімділігі жайлы сұрақ туындайды.
Көп жылдар бойы америкалық сыртқы саясат "морт сынғанша қысым көрсету керек" деген принципті ұстанып келді. Себебі, бұл әдіс расымен де нәтиже беретін. Кейде тіпті бір рет қоқан-лоқы көрсетудің өзі жеткілікті болды.
Мұндағы проблема біршама уақыттан бері аталған әдістің өз тиімділігін жоғалтуында болып отыр. Сондықтан, америкалық сыртқы саяси сәтсіздіктерінің жиілегені соншалық, АҚШ-тың айдауына көнбеген мемлекеттерді жазалауға деген талпынысы қазір үрей емес, мысқылдауға себепші болып отыр.
Оның үстіне, дауыс беру барысында қалыс қалған Ұлыбритания, АҚШ-тың ең жақын одақтасы бола тұра ирандық қару-жарақ нарығының бір бөлігінен дәмелі секілді. Сондықтан, мұхиттың арғы жағындағы серіктесінің үрейлі мәлімдемесі оларға өз позициясын өзгертуге тұрарлықтай себеп емес болып тұр.