Әлем

Норвегияға неге әскер тартылуда

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуТанк
Танк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атомды суасты қайықтары, қуатты радиолокациялық станциялар, ауқымды оқу-жаттығулар және барлау миссиялары – НАТО Еуропаның солтүстігіндегі белсенділігін арттыруда

Ресей СІМ пікірінше, альянс мақсатты түрде Норвегияны әскери контингентпен күшейтіп жатыр. Мұнда да баяғы бір сылтау. Ол – "ресейлік қауіптен қорғану". Скандинавиялық корольдік альянс үшін кезекті Польшаға айнала ма, жоқ па, ол жайлы төменгі материалда толығырақ баяндалады.

Күмәнді белсенділік

НАТО Норвегиядағы әскери қатысуын күшейту қажеттілігі туралы сөзден іске көшуде. Баренц пен Норвегия теңіздерінде норвегиялық флотты тартумен альянс кемелерінің оқу-жаттығулары айтарлықтай жиіледі. Өңірде блоктың барлау миссияларының ауқымы кеңейіп келеді. Атап айтсақ, Ресей шекарасына жақын Арктикада Норвегия әскери-теңіз күштерінің барлау кемелері жұмыс істеп жатса, норвегиялық базалардан АҚШ әскери-теңіз күштерінің Poseidon ұшақтары патрульдеу үшін ұшып шығуда. Осло мен Вашингтон елде теңіз жаяу әскерінің бөлімшелерін орналастыру туралы келісімшартты ұзартып, әскер санын екі есе ұлғайтты.

 Стрела аэромобильді броневигі  - Sputnik Қазақстан
Ресей әскері ерекше бронды автокөлікпен толықты
2018 жылы Норвегияда НАТО-ның "Trident Juncture" атты ауқымды оқу-жаттығуы өтті. Елу мыңға жуық әскери қызметші әлеуетті қарсыластың шабуылы кезіндегі ұжымдық қорғанысты пысықтады. Маневр алаңында альянс 65 әскери кемесін іске қосты, оның ішінде америкалық "Гарри Трумен" де бар. Ол сұрапыл соғыстан бері алғаш рет Норвегия теңізіне кірген болатын.

Солтүстік Норвегияда НАТО "Глобус-3" зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесінің радиолокациялық станциясының іргетасын салуда. Ресейден бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан Варде аралында құрылыс қызу жүріп жатыр. Жаңа РЛС көмегімен натолықтар Ресейдің зымыран қаруларының сынағыын көре алады, Солтүстік флот кемелерінің қозғалысын қадағалап, "әлеуетті қарсыластың" ішкі аудандарын бақылай алады. Сондай-ақ, Бардуфосс, Эвенес, Банак, Эрланн және Рюгге әскери аэродромдары жаңартылып, Гротсунд портты терминалы америкалық атомды субмариналарды қабылдау үшін модернизациялануда.

Ресей СІМ НАТО-ның Еуропаның солтүстігіндегі әрекеттері Арктиканы милитаризациялауға ықпал ететінін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Әсіресе, альянс авиациясының барлау мақсатындағы ұшулары ерекше алаңдаушылық тудырады. Қорғаныс министрлігінің америкалық барлау ұшақтарының шекарада пайда болғаны туралы мәлімет ұсынуы қалыпты жағдайға айналды. Барлық кезде әскери-ғарыш күштері жойғыштарды әуеге көтеріп, оларды ішкі әуе кеңістігінен қууға мәжбүр.

Осылайша, бір апта бұрын МиГ-31 "Посейдон" ұшағына шекараға қауіпті аумақта тосқауыл жасады. Ал 4 тамызда әуе кеңістігін бақылау құралдары Баренц теңізінің үстінен норвегиялық "Falcon 20" радиотехникалық барлау және радиоэлектронды күрес ұшағын байқады. Ол да ӘҒК жойғышының көмегімен кері қайтарылды.

НАТО-ның солтүстік плацдармы

Әскери ғылымдар докторы Константин Сивков әзірше Ослодағылар НАТО-ның әрекетінен алшақ болуға тырысып жатқанмен, бұл қиындау мәселе болып тұрғанын айтты.

"Билік ауысқан жағдайда кез-келген нәрсе, оның ішінде, америкалық әскери базалардың пайда болуы әбден мүмкін, - дейді сарапшы. - Норвегия қазірдің өзінде америкалық әскери контингентті оқу-жаттығулар үшін орналастырды, өз базасында АҚШ суасты қайықтарын қабылдап жатыр. Милитаризация бағыты айқын. Жағдайдың қалай өзгеретіні белгісіз. Бірақ, әскери және саяси шиеленістер күшейген сайын Осло Вашингтонның қысымына көнетіні анық. Әрі десе, Арктика үшін ауыр шайқаста норвегиялықтар америкалықтарға арқа сүйеп отыр".

Жағдайды жасанды шиеленістіру және сыртқы жауды іздеу жайында Норвегияның сыртқы барлау қызметінің жетекшісі Мортен Хага Лунденің айтқандары дәлел бола алады. Ол Ресей мен Қытайды корольдік үшін басты қауіп деп санайды. Әсіресе, Ресейдің қашықтыққа арналған жаңа зымырандары ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Норвегиялық азамат Кольск түбегінде және Баренц теңізінің солтүстік бөлігіндегі әскери базаларды нығайтуға, Солтүстік флоттың оқу-жаттығуларына және озық қару-жарақ жүйелеріне сүйенді. Оның пікірінше, "Сармат" континентаралық зымыран кешенінен, "Авангард" және "Кинжал" дыбыстан да жылдам жүйелерінен қауіп төніп тұр.

"Валдай" аналитикалық клубының әскери сарапшысы Артем Куреев теледидар экранынан да "орыстар қаупімен" үрейлендіріп жатқанын атап өтті.

"Норвегиялық саясат Ресейді қауіпті көрші, әлеуетті қарсылас деп тануға құмар, - дейді ол. – Еуроодақтың үнсіз келісімімен Ресейдің норвегиялықтарды басып алуы туралы жергілікті "Оккупация" телехикаясының екі маусымы да осыған дәлел".

Қос кеменің құйрығын ұстап...

Айта кету керек, Норвегия Солтүстік атлантикалық альянстың басында тұрды және 1949 жылы блокқа түсті. Бірақ, ол барынша қауіпсіз позицияны ұстанып, Кеңес Одағыман қарым-қатынасты шиеленістірмеуге тырысты. Осылайша Ослодағылар бейбіт заманда шетелдік әскери база салуға қарсы болды. Тіпті, елде орташа қашықтыққа ұшатын атом қаруы мен зымыранды орналастыруға тыйым салды. Жекелеген келісім бойынша Норвегияда бірнеше жүздеген ғана америкалық теңіз жаяу әскері пәтерге орналастырылды.

Закрытие V Армейских международных игр-2019 - Sputnik Қазақстан
"Армия-2020" әскери форумы Қазақстан мәртебесін арттырады
Алайда, географиялық орналасуының есебінен бұл скандинавиялық ел НАТО үшін стратегиялық маңызды болды. Бұл кезінде кеңестік, қазір ресейлік суасты қайықтары Атлантикаға шыға алатын жақын маңдағы жалғыз жол емес пе? Сонымен қатар, Норвегия альянстың NADGE әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесінің басты элементі.

"НАТО-ның Норвегияны бақылауда ұстауы соғыс орын алған жағдайда Атлантикаға кеңестік атомды суасты қайықтарының өтуіне жол бермеуге немесе оны мейлінше азайтуға мүмкіндік берді, - дейді Куреев. – Ал Осло ресейліктерге НАТО-ның бейбітсүйгіш, қорғаныс үшін ғана пайдалануға деген түзу ниеті жайлы сендіруге тырысты. Бұл викингтердің ұрпағына өз аумақтарында оқу-жаттығу өткізуге және радиолокациялық аңду станцияларын орналастыруға ешқашан кедергі болған жоқ".

Бұл ел АҚШ-тың атомды субмариналары үшін сенімді тұрақ қызметін атқарып келеді. Мұнда НАТО техникасын қабылдауға арналған авиациялық базалар да бар.

"Алайда, Норвегия екінші Польшаға айналады деуге болмайды, - дейді сарапшы. – Себебі, Ослоның өз қорғаныс доктринасы бар. Халық америкалықтардың елге кіруіне қарсы болуы мүмкін. Мұндайда ешқандай қорқынышты телехикая көмектеспейтіні анық. Электорат мұны өз күшімен қорғануға қабілетсіздік деп таныса, бұл билік үшін тиімді болмайды".

Сонда да, сауалнамаға қатысқан аналитиктердің басым бөлігі алдағы жылдары америкалықтар Скандинавияның солтүстігіне қатынауын жиілететініне сенімді. Бұл бейбіт мақсатта болуы екіталай.

Жаңалықтар
0