"Армия-2020" әскери форумы Қазақстан мәртебесін арттырады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЗакрытие V Армейских международных игр-2019
Закрытие V Армейских международных игр-2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде форумға 72 мемлекет қатысатынын растады. Ал олардың бесеуінде – Қазақстан, Беларусь, Бразилия, Үндістан мен Пәкістанда ұлттық экспозициялар болады

"Армия-2020" халықаралық әскери-техникалық форумы (ХӘTФ) COVID-19 пандемиясы мен жаһандық әскери-саяси турбуленттілікпен байланысты шектеулер жағдайында әлемдік қорғаныс саласы үшін жылдың алғашқы ірі көрмесі болады (шілде айында "Фарнборо-2020" авиа-шоуы виртуалды түрде өтті).

23-29 тамыз аралығында Ресейдің бірнеше өңірі мен Армения аумағында өтетін "Армия-2020" форумында 1 500-ден астам компания 28 мыңға жуық қару-жарақ пен техника үлгілерін ұсынады.

Форумға 72 мемлекет қатысатынын растады. Олардың оны – Армения, Беларусь, Бразилия, Вьетнам, Иран, Қазақстан, Ливан, Руанда, ОАР, Оңтүстік Осетиядан жоғары деңгейдегі делегация өкілдері келеді деп күтілуде. Ал ұлттық экспозициялар бес елде – Беларусь, Бразилия, Үндістан, Қазақстан, Пәкістанда орналастырылған.

"Армия-2020" форумының ашылу салтанаты 23 тамызда "Патриот" көрме орталығында өтеді. 24-26 тамыз күні – мамандардың жұмыс күндері, ал 27-29 тамыз аралығында экспозиция келушілер үшін ашық болады.

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өту"Патриот" көрме орталығының ғимараты. Архивтегі сурет
Армия-2020 әскери форумы Қазақстан мәртебесін арттырады - Sputnik Қазақстан
"Патриот" көрме орталығының ғимараты. Архивтегі сурет

Көрменің негізгі аймағы Мәскеу маңындағы Патриот саябағы, Кубинка аэродромы және Алабино мен Ашулук жаттығу полигоны болады. Сонымен бірге қару-жарақ пен әскери техниканың экспозициялары барлық әскери округтерде және Ресейдің солтүстік флотында орналастырылады. Тек, Оңтүстік әскери округінде "Армия-2020" форумы Ставрополь аумағын, Владикавказ, Волгоград, Каспийск, Астрахань, Адыгей, Ингушетия, Кабардин-Балқар, Қарашай-Черкес, Шешенстанды қамтиды. Форум Ресей әскери базасы орналасқан Арменияның Гюмри қаласының аумағында да өтеді.

Өткен жылмен салыстырғанда статикалық экспозицияның жалпы ауданы 60 мың шаршы метрге ұлғайтылып, 320 мың шаршы метрден асты. Санкт-Петербургтен Владивостокқа және Североморсктен Севастопольге дейін барлығы 47 учаске (полигондар мен аэродромдарды қосқанда) орналасқан. Бұл әр түрлі елдің қорғаныс кәсіпорындары үшін жоғары технологиялық өнімдер өндірісі мен жеткізілімін кеңейтуге дайын екендіктерін көрсету мүмкіндігі.

Форумның ғылыми және іскери бағдарламасына 170-тен астам іс-шаралар кіреді. Сондай-ақ, қатысушылар қорғаныс мәселелерін, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін, халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың болашағын талқылайды.

Беларусь пен Қазақстан экспозициясы

Егер "Армия-2019" форумында көрші елдер Армения, Әзербайжан, Беларусь және Қазақстан өз стендтерін ұсынса, биыл Беларусь пен Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары ғана өз өнімдерін көрсетеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шараларына да ерекше назар аударылып, "Армия-2020" аумағы COVID-19 коронавирусынан қауіпсіз деп жарияланғымен, әлемдік эпидемиологиялық жағдай көрмеге дайындықты қиындатып, шет мемлекеттердің белсенділігін төмендетіп жіберді.

Еске сала кетейік, өткен жылы форумға 120 мемлекет пен он ұлттық экспозиция (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Түркия, Таиланд, Оңтүстік Африка) қатысқан болатын.

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуЖауынгерлік модулі бар "Tигр-M" бронды машиналары халықаралық әскери-техникалық форум аясында Алабино полигонында жүру шеберлігі мен от шашу мүмкіндігін көрсетуде. Архивтегі сурет.
Армия-2020 әскери форумы Қазақстан мәртебесін арттырады - Sputnik Қазақстан
Жауынгерлік модулі бар "Tигр-M" бронды машиналары халықаралық әскери-техникалық форум аясында Алабино полигонында жүру шеберлігі мен от шашу мүмкіндігін көрсетуде. Архивтегі сурет.

Беларусь Республикасы ұлттық қорғаныс өнеркәсібі кешені өнімдерінің дәстүрлі топтамасын – электроника, оптика, ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұсынады. Республикадағы Мәскеу алаңы бизнесті кеңейту үшін перспективалы болып саналады. Тіпті, тамыз айындағы ішкі саяси турбуленттік "Белспецвнештехника" компаниясы алаңының біріктірілуі қатысушылардың белсенділігін төмендетпейді. Егер "Армия-2019" форумына 15 кәсіпорын қатысса, биыл 20-ға жуық Беларусь компаниясы әскери өнімдердің 200-ден астам үлгісін, оның ішінде 122 миллиметрлік "Шквал" әскери жауынгерлік машинасының макеті мен R-443O жерсеріктік байланысына арналған соңғы жобаларды ұсынады. Сонымен қатар, MЗКТ-490101-010 жеңіл бронды автомобильдер мен жылжымалы "Волар" радио-бағыттау-іздеу кешенінің үлгісі де болады. Беларусь Республикасы жыл сайын 1,5 миллиард долларға дейін қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттайды және оның көп бөлігі Ресейге жеткізілімнен алынады.

Ал Қазақстан әрбір "Армия" көрмесі өткен сайын өзінің белсенділігін арттырып келеді және ұлттық қорғаныс өнеркәсібінің ресейлік серіктестерімен өзара іс-қимылын нығайтуда. Өткен жылы әртүрлі мамандандырылған 10-нан астам кәсіпорын қазақстандық "қорғаныс өнеркәсібін" ұсынды. "Семей инжиниринг" зауытының стенді "Армия-2019" форумының мамандары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды. Олардың арасында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу да болды.

"Армия-2020" форумында Қазақстан "Семей машина жасау зауыты" АҚ модификацияланған шынжыртабанды тасымалдаушы-тартқыш көліктер мен "Киров атындағы зауыт" қорғанысы мығым ноутбук, планшеттерін, "Семей инжиниринг" кәсіпорны бронды техникаларды күрделі жөндеу мен қайта жаңғыртудан өткізу қызметін ұсынады. Ал "Қазақстан инжиниринг" компаниясының еншілес құрылымы – "Тыныс" зауыты авиациялық құрамның толық көлемді үлгілері мен құқық қорғау органдарына арналған жеке қорғаныс құралдарының шынайы үлгісін көрсетеді. Айта кетейік, "Тыныс" – Ресейге әуе кемелерінің құрамдас бөліктерін экспорттайтын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

"Армия" форумы жақын және алыс шетелдердің сарапшыларына қаруды, әскери техниканы және өнімді өндіру, сату және сатудың қазіргі тенденцияларын дәл бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірлескен жобаларды сәтті алға жылжыту да көзделеді.

© Sputnik / Елена БережнаяКиров атындағы зауытта компьютер құрастыру процесі. Архивтегі сурет.
Армия-2020 әскери форумы Қазақстан мәртебесін арттырады - Sputnik Қазақстан
Киров атындағы зауытта компьютер құрастыру процесі. Архивтегі сурет.

Ресейлік жинақтар

Ресей қорғаныс министрлігі қару-жарақ пен әскери және арнайы техниканың 370-тен астам сериялық модельдерін ұсынады. Оның құрамына "Армата" платформасындағы жаяу әскердің жауынгерлік ауыр машинасы Т-15 пен ешқандай баламасы жоқ Т-14 негізгі ұрыс танкісі, танктерге қолдау көрсетуге арналған "Тайфун-ВДВ" автомобиліне негізделген өздігінен қозғалатын "Дрок" минометі бар. Сондай-ақ, "Бук-M3" орта қашықтықтағы әскери-әуе қорғаныс кешені, K-17 жаяу әскерінің жауынгерлік модулі бар "Бумеранг К-16" бронетранспортері, өздігінен жүретін 2С38 "Деривация-ПВО" зениттік артиллериялық кешені, 2С35 "Коалиция-СВ" 152 миллиметрлік артиллериялық кешені, жаңартылған Т-90М және Т-80БВМ танктері көрмеге қойылады.

Сонымен қатар, қонақтар мен форумға қатысушылар Ресейдің танк құрылысының 100 жылдығына арналған "Танкпром аллеясы" көрмесімен таныса алады. "Патриот" саябағында 22 танк пен бронетранспортерлер алғаш рет көпшілік назарына ұсынылады.

Патриот саябағының павильондары мен ашық аймақтарында және оның аймақтық филиалдарында Ресейдің қорғаныс өнеркәсібінің қару-жарақтарының танымал сериясы мен су жаңа үлгілері де көрсетіледі. Оларды бір уақытта көруге болады.

Ресей әскери-өнеркәсіптік кешеніндегі стендтерінде – "Біріккен кеме жасау корпорациясы", "Біріккен авиақұрылыс корпорациясы", "Ростек", "Тактикалық ракеталық қару-жарақ", "Калашников", "Алмаз-Антей" сияқты жетекші кәсіпорындардың әскери және арнайы техникаларын тамашалауға мүмкіндік бар. Шетелдік серіктестердің табысты жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Ғылыми және іскери бағдарламада қуатты мультимедиялық жабдықтармен және байланыс құралдарымен жабдықталған 49 мәжіліс залы болады. Техникалық құралдар форумға қатысушылардың географиясын кеңейтіп, әлемнің шалғай бұрыштарын телекөпір режимінде байланыстырады.

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуУСА-2М әмбебап қада қағу қондырғысы. Қайта жаңғыртудан өткізілген бұл үлгі алғаш рет "Армия-2020" форумында көрермен назарына ұсынылады.
Армия-2020 әскери форумы Қазақстан мәртебесін арттырады - Sputnik Қазақстан
УСА-2М әмбебап қада қағу қондырғысы. Қайта жаңғыртудан өткізілген бұл үлгі алғаш рет "Армия-2020" форумында көрермен назарына ұсынылады.

Айрықша ерекшеліктер

"Армия-2020" форумы көптеген қызықты тақырыптардың ошағына айналмақ: ашық алаңға 70-тен астам толық көлемдегі авиациялық техникалардың экспозициясы қойылып, демонстрациялық ұшулар мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Көрермендер "Русские витязи", "Стрижи", "Беркуты" сынды ұшқыштар тобының дәстүрлі және таңғажайып шоуын тамашалайды. Сонымен қатар, келушілер Мариана ойығына түскен – "Витязь-Д" теңіз көлігімен де таныса алады. Мұндай құрылғылар ғылыми және әскери салаларда өте қажет.

Алғаш рет (26 тамызда) қанатты зымыран және дрондармен күресу құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерінің серпінді көрсетілімі өтеді. оған Ресей аэроғарыштық күштерінің 20-дан астам ұшағы қатыстырылады.

"Патриот" саябағының көрме орталығының аумағында зениттік және зымыранға қарсы қорғаныс әскерлерінің және ұшқышсыз ұшақтарды басқару экспозициясы ашылады. С-400 "Tриумф" жүйесінің ұшыру қондырғысы, "Подлет" радиолокациялық станциясы, зениттік зымырандық-зеңбіректі "Панцирь-С1" кешені, "Рейс" Ту-143 ұшқышсыз басқарылатын ұшақ пен "Пчела" қашықтан басқарылатын пилоттық ұшақтары ұсынылады. Бұдан басқа авиация кәсіпорындарының Ми-25М, Ми-25П, Ми-171Ш және Ка-226 сынды тікұшақтар бар.

Әскери форумның әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы әлемдік аналогтары жоқ. Соңғы әскери техниканың ауқымдылығы барлық үш әскери ортада – Алабино полигонында, Комсомольское көлінде және Кубинка аэродромындағы демонстрациялармен толықтырылды. Ал енді бұл жағдайға мамандандырылған шетелдік басылымдардың, атап айтқанда, америкалық The National Interest-тің назар аударуы заңдылық.

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуОтты қолдау көрсететін "Терминатор-2" жауынгерлік машинасы халықаралық әскери-техникалық форумда арнайы техникалар көрмесіне қойылды.
Армия-2020 әскери форумы Қазақстан мәртебесін арттырады - Sputnik Қазақстан
Отты қолдау көрсететін "Терминатор-2" жауынгерлік машинасы халықаралық әскери-техникалық форумда арнайы техникалар көрмесіне қойылды.

Мұның бәрі 2015 жылы басталған болатын. Оның құрамына бес мемлекет – Армения, Беларусь, Қазақстан, Пәкістан, Малайзия кірді. 2017 жылы Қытай, ОАР және Словакия қосылып, олар Малайзияны алмастырды. 2018 жылы Түркия, 2019 жылы – Әзербайжан мен Таиланд қосылды. 2016 жылы форумға 58 кәсіпорын мен холдинг, 2017 жылы – 78, 2018 жылы – 84 кәсіпорын, 2019 жылы – жүз шетелдік компаниялар өз

Жаңалықтар
0