Әлем

Мұнай нарығында қандай өзгеріс болып жатыр

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуРабочий на нефтебазе, архивное фото
Рабочий на нефтебазе, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарты жылдың ішінде АҚШ Ресейден 9 млн тоннадан астам мұнай өнімдерін алды. Мұндай көрсеткіш 2004 жылдан бері болмаған

Рекордты экспорт

Қаңтар-шілде айларында Ресей өз мұнай өнімдерін АҚШ-қа сатудан 2,2 миллиард доллар пайда тапты. Федералды кеден қызметінің мәліметі бойынша, теңіздің арғы бетіне 7,46 млн тоннадан астам мұнай жіберілді. Бұл жалпы экспорттың 12%-ін құрайды. Ең көп сатып алған ел – Нидерланды - 12,19 миллион тонна болса, америкалықтар екінші орында, ал Мальта 4,4 миллион тоннамен үшінші орында тұр.

Нидерланды мен Мальта транзиттік хабтар болып табылады. Ол жақтан мұнай өнімдері екінші елдерге жіберіледі. Яғни, ФКҚ мұндай жеткізелулерді есептемей отырғандықтан, АҚШ-тың нақты экспорты бұдан да көп болуы мүмкін.

Вышка на нефтяном месторождении  - Sputnik Қазақстан
"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па

Расында да, АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының (ЕІА) мәліметіне сәйкес, осы жылдың алғашқы бес айында ресейлік мұнайдың америкалық импорты 68 млн баррельге немесе 9,3 млн тоннаға жеткен. Бұл ФКҚ-дағы алты ай көрсеткішінен көп. Себебі, ЕІА жөнелту елін емес, жөнелтушіні тіркейді.

Сонымен қатар, шілде айында америкалықтар ресейлік мазутты сатып алуды арттырған – маусымға қарағанда 16 процентке ұлғайған.

Орнын толтыратын ештеңе жоқ

АҚШ венесуэлалық ауыр мұнайдан айырылып отыр. Ал мұнайды қайта өңдеуші бірқатар кәсіпорындардағы технология тек Пермь бассейні мен Батыс Техастан келетін жеңіл мұнайды ғана қолдануға мүмкіндік бермейді. Оны ауыр өніммен араластыру қажет. Бұл мұнай осы уақытқа дейін Оңтүстік Америкадан жеткізілетін. Бірақ, Трамп венесуэлалық PVSDA мемлекеттік компаниясына қарсы санкциялар енгізгендіктен, мұнайды қайта өңдеуші зауыттарда шикізатқа қатысты ауқымды проблема бастау алды.

Мексикалық бұғаз бен Шығыс жағалау зауыттары, соның ішінде Citgo Petroleum, Valero Energy, Chevron компаниялары қиын жағдайда тұр.

Химиялық құрамы жағынан ұқсас Сауд арабиясының мұнайы ұтымды балама болар еді. Бірақ. Арабтар өндіріс көлемін арттырудан бас тартты. Нәтижесінде, экономика саясатты ығыстырып, Ресейге ұсыныс жасауға тура келді.

"Әлемде орын алып жатқан соңғы геосаяси оқиғалар мұнай нарығын Ресей пайдасына шешті. Себебі, АҚШ-та басқа елдерден жеткізулерден бас тартып, оларға санкция қолданды. Осылайша, Urals жалғыз қолжетімді өнімге айналды", - дейді A3F Group МК бірлескен негізін салушы Александр Дужников.

Сипаттамалар сәйкестігінен бөлек, ресейлік шикізат бағасы жағынан да тартымды. Ресейдің қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Urals маркасы қаңтар-шілде айларында орташа деңгейде бір баррелі үшін 40,34 доллар шамасында болса, өткен жылдың қаңтар-шілде айларында бұл баға 65,27 долларды құрады.

Сонымен қатар, фрахт бағасы да айтарлықтай төмендеді. Ал карантин аяқталғаннан кейін жанармай тұтыну көлемі артты. Себебі, адамдар көлікті жиі пайдалана бастады.

Саладағы дағдарыс

Мұнай бағасының құлдырауына байланысты АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны көпжылдық минимумге дейін азайды. Dakota Access мұнай құбыры экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жабылып қалды.

Мұнай өндіру күніне 13,1 млн баррельден 11,1-ге дейін төмендеді. Бұл АҚШ-тағы Пермь, Игл-Форд, Баккен, Ниобром, Анадар, Аппалачи және Хейнсвилль бассейндеріне қатысты болды. ЕІА болжамы бойынша, осы жылы саладағы өндірістің орташа қуаты күніне 11,26 млн баррельді, 2021 жылы 11,14 юаррельді құрайды. Желтоқсан айына қарай америкалықтар әлемдік мұнай жеткізудің қысқаруына үлкен үлес қосады деген болжам бар.

Цены на нефть, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай бағасы төмендеуінің себебі айтылды

Haynes & Boone мәліметі бойынша, қаңтар айынан бері 36 мұнай-газ компаниясы өзін банкрот деп жариялау бойынша процестерді қолға алған. Олардың қатарында Whiting Petroleum, California Resources пен Chesapeake Enеrgy бар. Маусым айында тағы бір ірі өндіруші - Extraction Oil & Gas берешегі бойынша проценттік үстемелерді уақытылы төлей алмай, банкроттық бойынша сотқа өтініш білдірді.

Rystad Energy бағалауы бойынша, жыл соңына дейін шамамен 75-ке жуық америкалық мұнай-газ компания өздерін экономикалық қиындыққа тап болғанын жариялайды. Өндіріс көлемі тәулігіне 5 млн баррельден төмендейді. ShaleProfile Analytics нәтижесінде өндіріс қуатының үштен бір бөлігіне де жете алмайды деген болжам жасап отыр.

Жаңалықтар
0