Қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніндегі ақпарат көздері ресейлік электрмагниттік зеңбіректердің тәжірибелі үлгілерімен нысанды жоюдың кепілдендірілген ұзақтығы 10 километрге жеткенін хабарлады. Бұл қарсыластың көзге көрінетін аумақтағы әуе және жердегі жоғары технологиялық қару техникасын бір сәттің ішінде металл үйіндісіне айналатынын білдіреді.
Бұған дейін ЭМ-зеңбіректердің ұшу қашықтығы үш километрге жететін. Оның жаңа түрін полигонда сынау жұмыстары 2015 жылдан бері жүргізіліп жатыр. Зеңбіректер ұшқышсыз ұшу аппараттары мен түрлі техниканы сәтті жоюда. Ресейлік әскери электрониканың ЭМ-зеңбіректерінің "достық оғынан" қорғанышы да қарастырылған. "Росэлектроника" холдингінің мамандары бұрынырақ ферриттік талшық жасап шығарды. Бұл талшық заманауи броньды техника мен зениттік зымыран кешендерін және ұшақтарды радиоэлектрондық күрес (РЭК) әсерінен қорғайды.
Жаңа ЭМ-зеңбіректерін қару-жарақ қатарына қабылдау мерзімі әзірше белгісіз. Алайда, ол күн алыс емес екені айқын. Бүгінде сәтті үлгілер едәуір үлкен қашықтықта ҰҰА, тікұшақтар мен зымырандарды құлатуға қауқарлы екенін дәлелдеп жатыр. Жаңа зеңбірек әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс ретінде рекорд орнатты. Ол 10 километр қашықтықта әуедегі нысанның көзін жойды.
Егер бұл қашықтықты 20 километрге дейін ұлғайту мүмкін болса, онда нысандар тізіміне заманауи әскери ұшақтар да кіретін болады. Ресейдің қорғаныс-өндірістік кешенінің жаңа жетістіктерінің қолданысқа енгізілуі көп күттірмейді деген сенім бар. Сондай-ақ, жаңа физикалық принциптерге негізделген радиоэлектронды қару "Листва" атты қашықтықтан минасыздандыру машинасын Ресей әскері пайдаланып жатқаны туралы жақында ғана Sputnik жазған болатын.
ЭМ-зеңбірек алдыңғы шепте
Электромагниттік сәуле шығару технологиясына негізделген қару принципі бойынша радиоэлектрондық күрес (РЭК) жүйелеріне жақын. Ресейлік ЭМ-зеңбірек оқ-дәрі мен металдың орнына жоғары жиіліктегі сәуле шығару энергиясын қолданады. Соққы жасайтын электр магниттік сәуле жарық жылдамдығымен тарайды. Әзірше, әрбір атуға жұмсалатын үлкен энергия шығыны проблема болып тұр. Алайда, технологиялар үнемі даму үстінде.
Келешекте ЭМ-зеңбіректер 6-шы кезеңнің пилотсыз жойғыш ұшу аппараттарына, құрлықтағы әскер мен әскери-теңіз флотына икемделуі мүмкін. Егер күндердің күнінде соғыс алаңында ұшақтар мен тікұшақтар, пилотсыз ұшу аппараттары мен қанатты зымырандар, танктер мен басқа да техника көзге көрінусіз істен шығып жатса, онда олар соғыс жүргізудің жаңа технологиясының қармағына ілінді деген сөз.
Электр магниттік қару – нақты бір секторларда жұмыс жасауға арналған құралдардың бүтіндей бір спектрі болып табылады. Магниттік өріс снарядқа алғашқы жылдамдық беру үшін, классикалық артиллерияда оқ-дәрі баламасы ретінде қолданылуы мүмкін. Ресейде РЭК жүйелері, электр магниттік бомбалар қарқынды дамып жатыр. Олар 4 километр радиустағы барлық радио және электронды аппаратураны істен шығара алады. Яғни, әскерді байланыс пен басқарудан ажыратып, оларды ұйымдаспаған тобырға айналдыра алады. ЭМ-зеңбірек – жеңістің жоғары технологиялық жаңа қосылғышы.
Электр магниттік зеңбірек идеясы Ресей мен Францияда біруақытта – Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған. Бұл идеяның негізінде неміс зерттеушісі, электрлік магнетизм теориясының авторы Йоганн Карл Фридрих Гаусстың еңбектері жатыр. Идея өз уақытынан басып озып, әскери техникада практикалық қолданыс таппады: француздық модель 50 граммдық снарядты 200 метр/секундтық жылдамдыққа дейін үдетіп, қарапайым артиллериядан жеңіліс тапты. Ал ресейлік "маниттік-фугальдік" зеңбіректің жобасы сызба түрінде қалып қойды.
Сөйтіп, электр магниттік қару идеясының қайта жаңғыруы 21 ғасырдың бас кезіне дөп келді. Арцимовичтің рельсотроны 2011 жылы РҒА Жоғары температуралардың біріккен институтының Шатур филиалындағы зертханада сынақтан сәтті өтті. Электр магниттік зеңбірек өте аз снарядтармен атса да, ол өз жолындағы болат пластиналарды плазмаға айналдырып жіберді. Бес жылдан кейін ресейлік мамандар материяны бірінші ғарыштық жылдамдыққа дейін үдетіп, бүгінде үлен еңбек жолынан өтті.
Серіктестер шаң қабуда
Электр магниттік зеңбірек жобаларымен АҚШ, Израиль, Түркия, Франция, Қытай да айналысып жатыр. Алайда, бұл елдердің ешқайсысы "жоғары жиілікті оқтың" он шақырымдық ұзақтығына қол жеткізген жоқ. Мысалы, АҚШ ӘТФ өткен жазда атылған снаряд жылдамдығы шамамен 2041 метр/секундқа жететін рельсотрондық зеңбіректі сынақтан өткізді. Айта кету керек, бұл қару заманауи оқ-дәрі артиллериясының максималды жылдамдығына (2500 м/сек) да жете алмады. Бұл болашақтағы жылдамдық соғысы үшін жеткіліксіз.
АҚШ ӘТК-нің рельсотрондық зеңбіректерінің де жолы болмады. Бірнеше ондаған атыс және энергияны көп тұтыну ресурсына байланысты америкалық Zumwalt эскадриялық минатасымалдаушыға оны орналастыру идеясынан бас тартты. Кеме өз қаруының құрбаны бола алмайды. Себебі, ЭМ-зеңбіректі қолдану эсминашының барлық дерлік электроникасын өшіріп отыруды талап етті. Сөйтіп, АҚШ Әскери-теңіз институтының мамандары Zumwalt секілді "супер-эсминашыларды" тек командалық кеме ретінде қолдануды ұсынды. Зерттеулер әлі де жалғасып жатыр.