НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Жүздеген теңіз жаяу әскері, ондаған бронды техника мен десанттық операциялар өзінің туған жағалауынан мыңдаған шақырым жерде болады.
Себебі Ресей флоты 2020 жылдың ортасында жаңа санаттағы бірегей десанттық кемелерге қол жеткізеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Кеме құрастырушылар, конструкторлар және әскерилер болашақ бірегей десанттық кемелердің жоба детальдары мен міндеттерін келісіп жатыр.
Үлкен жоспарлар
Тікұшақ тасушылар Керчьтегі "Залив" кеме құрастыру зауытында жасалады. Екі бірегей кеменің құрылысын бастау 2020 жылға жоспарланып отыр.
Ал оларды Ресей әскери-теңіз флотына тапсыру 2025 және 2026 жылдарға көзделген. Серия одан әрі жалғасуы мүмкін.
Кемелер нақты қандай жоспар бойынша салынатыны әлі белгісіз.
Еске салсақ, Франциямен "Мистраль" типті тікұшақ тасушыларды жеткізуге келісімшарт бұзылғаннан кейін ресейлік кеме құрастырушылар бірден бірнеше нұсқа дайындап қойды.
2015 жылы Нева жоба-конструкторлық бюросы "Прибой" бірегей десанттық кемесінің тұжырымдамасын таныстырды.
Су ығыстырғыштығы 14 мың тонна болатын бұл кеме екі айға дейін автономдық түрде жүзе алады, маршрут алыстығы – 11 мың километр.
Тағы оқыңыз: Ресей Ту-22М3 зымыран-тасығышын не үшін қайта іске қосты
"Прибой" сегіз Ка-27 тікұшағы мен алты десанттық катерді орналастыруға есептелген.
Бұған қоса, кемемен 500 десантшы мен 60 бронды техника тасымалдауға болады.
Крылов мемлекеттік ғылыми орталық тікұшақ тасушының өз нұсқасын ұсынды. Ол ірілеу әрі су ығыстырғыштығы 24 мың тоннаны құрайды.
Оған он алты Ка-52 тікұшағы, көліктік-әскери Ка-29 бен көпмақсатты Ка-27 сыйып кетеді. Бортында 500 десантшы мен елу әскери техника тасымалдауға болады.
Бірегей десанттық кеме жылдамдығы – 20-дан астам торап, жүзу ұзақтығы да шамамен "Прибойдікі" сияқты, бірақ автономдығы төмен – барлығы 30 тәулікке жуық.
Кеме өзін-өзі қорғауға қажетті қару-жарақпен жабдықталған.
Сүңгуір қайықтарға шабуыл
Ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешеннің бұндай кеме құрастыру тәжірибесі бар екенін айта кеткен жөн.
Дегенмен советтік тікұшақ тасушылардың шетелдіктерден айырмашылығы көп болған. Солай болуы тиіс еді.
Совет тікұшақ тасушыларының артықшылықтары, кемшіліктері болса да, олар Жерорта теңізі мен Антлантикада міндеттерін сәтті орындап шықты.
Олардың тікелей міндеті - су астындағы кемелермен күресу болғанымен, олар құтқару әрі іздестіру операцияларына да қатысқан.
Ортақ идея
Батыс елдерінде тікұшақ тасушыларды құрастыру тәжірибесі біршама мол. Әсіресе, бұл істе америкалықтар көп жетістікке жеткен.
Қазір АҚШ-та "Америка" - десанттық кемелердің жаңа сериясының бас кемесі саналады.
КСРО-да да америкалықтардікі сияқты десанттық кемелерді жасау жоспарлары болғанын атап өткен жөн болар.
Бұл кеме жобасы америкалықтардың кемесінен еш кем түспеген. Бірақ жоғары әскери қолбасшылық ішіндегі қарама-қайшылықтар салдарынан ол жүзеге аспай қалған.
Ал КСРО құлағаннан кейін жұмыстар мүлде тоқтаған.