Ресей Балқаштағы РЛС-тан не себепті бас тартты

© Photo : Министерство обороны Республики КазахстанРадиолокационная станция
Радиолокационная станция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Воронеж" радиолокациялық станциялар желісін құрғаннан кейін көрші елдерде орналасқан ескі станцияларға қажеттілік азайып келеді. Осылайша, стратегиялық жүйені бірте-бірте технологиялық тұрғыда оңтайландыру жұмысы атқарылып жатыр

22 маусымда Ресей үкіметі зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе аясында Балқаш радиолокациялық станциясын қолдануға қатысты Қазақстанмен арадағы келісімнің күшін жоюға арналған заң жобасын Мемлекеттік думаға енгізді. Осы бастаманың арғы жағында таза технологиялық мәселе тұр. Сондықтан екі елдің стратегиялық одақтастық пен әріптестік байланыстарына сызат түспейді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Қазақстан мен Ресей ортақ қорғаныс пен қауіпсіздік кеңістігін күшейтуді жалғастыра береді.

Вывоз ракеты-носителя Союз-ФГ на стартовую площадку космодрома Байконур - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Балқаш көлінің жағасындағы "Днепр" радиолокациялық станциясын пайдалануды тоқтату шешімі ашық қабылданып отыр. Бұл жерде ешқандай құпия саясат пен конспирология жоқ. 1970 жылы құрылған "Днепр" станциясы зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе аясында біраз уақыт жұмыс істеді және қазақ жерінде 2 500 шақырымның кеңістігін бақылап тұрды. Ал жақында Ресейдің Орск қаласында іске қосылған "Воронеж-М" радиолокациялық станциясы 6 000 шақырымды бақылай алады. Жоғары жаққа 4 000 шақырымды қамтуға мүмкіндігі бар. Осылайша, жаңа станция "Днепрден" екі жарым есеге тиімді болып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын ескі станцияны жалға алуға кететін 20 миллион доллар үнемделеді.

Негізі, зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе жердегі және ғарыштағы эшелондардан тұрады. Жер бетіндегі желіге "Воронеж" радиолокациялық станциялары кіреді. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, станциялар жеті аймақта орнатылды. 2022 жылға дейін тағы екі өңірде жаңа станциялар бой көтереді. Соның арқасында зымыран-ғарыш қорғанысы күшейе түседі. Ал ескі станцияларды сөндіріп тастайды. Мәселен, 2012 жылы Әзербайжандағы "Дарьял" радиолокациялық станциясын пайдалану жұмысы тоқтатылған болатын. Қазақстандағы "Днепр" де солай болады.

Ескі станциялардың жұмысы тоқтатылса да, Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігі әлсіремейді. Ресейде жаңа станциялар шоғырланады. Бірақ барлығы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен ТМД елдеріне қызмет етеді. Былайша айтқанда, қорғаныс жағынан "ортақ мүлік" болады.

Зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйенің негізгі мақсаты – Ресейге және ТМД елдеріне жасалатын зымыран шабуылын жоғары дәлдікпен анықтау. Осылайша, басқару пунктеріне баллистикалық зымырандардың ұшырылғаны туралы ақпарат түседі. Агрессияның шыққан жері, соқының ауқымы мен уақыты – бәрі-бәрі анықталады. Содан мемлекеттік деңгейде шұғыл шешімдер қабылданады.

Радиолокационная станция  - Sputnik Қазақстан
Балқаш радиолокациялық станциясын қолдану туралы келісім өзгерді
Жер бетіндегі эшелонға "Контейнер" атты радиолокациялық станция да кіреді. Ол бір уақытта 5 000 әуе нысанға дейін анықтап, бақылай алады. Соның ішінде көзге көрінбейтін ұшақтар, "Томагавк" зымырандары мен гипердыбыстық нысандар бар. Батыс, шығыс, солтүстік-батыс пен оңтүстік бағыттарда осы іспетті төрт станция салынады деген жоспар бар.

Ал "Воронеж" радиолокациялық станциялары бір уақытта 500 нысанға дейін бақылай алады. Олар – баллистикалық зымырандар, ғарыш пен аэродинамикалық нысандар. Заманауи станциялардың дәлдігі де өсе түсті. "Воронеж" станциясына 30 технологиялық аппаратура кіреді. Бұл "Дарьялда"  4 000-нан астам болған. Жаңа станцияның энергияны тұтыну көлемі – 0,7 МВт. ("Днепр" – 2 МВт, "Дарьял" – 50 МВт). Сосын жаңа радиолокациялық станцияларды пайдалануға көп маманды тартудың қажеті жоқ. 15 адам барлық жұмысты істей алады. "Воронеж" үлгісіндегі станцияны пайдаланудың максималды мерзімі – 25 жыл.

Жаңа станцияның негізгі ерекшелігі сол, оны жаңа жерде 18 айдың ішінде құрастыруға болады. Бұрын "Дарьял" мен "Днепрді" 5-9 жыл бойы жинаған. Ресейдің қорғаныс министрлігі кеңестер кезінде салынған барлық станцияны "Воронеж" станцияларымен алмастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, зымыран шабуылы туралы ескертетін стратегиялық жүйе 1976 жылы пайдалануға берілген болатын. Оның құрамында "Днестр" мен "Днепр" радиолокациялық станциялар желісі болған. Зымыран шабуылы туралы ескертетін ресейлік жүйеге ұқсас станциялар АҚШ пен ҚХР-да бар. Ресей оны да құруға атсалысып жатыр.

Жаңалықтар
0