Қоғам

Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуВывоз ракеты-носителя "Союз-ФГ" на стартовую площадку космодрома "Байконур"
Вывоз ракеты-носителя Союз-ФГ на стартовую площадку космодрома Байконур - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей арендасынан шығарылатын жер учаскелері ғарыш айлағы маңындағы ауылдың бірін үлкейту үшін пайдаланылады. Бұған қоса, ірі магистралды жобаларды салуға арналады

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей арендасынан 11,6 мың гектар жерді шығару туралы заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Ресей арендасынан төрт жер учаскесін өзіне қайтарады. Аумағы 1 740 гектар болатын екі учаске Қармақшы ауданы Төретам ауылын кеңейту мақсатында арендадан шығарылмақ.

Тағы оқыңыз: Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады

Аумағы 9 950 гектар болатын тағы екі учаске Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі, Алматы-Мәскеу теміржолы мен Бейнеу-Шымкент газ құбырының желілік бөлігін салып, қолданысқа енгізу үшін пайдаланылады.

Жер қабылданбас бұрын экологиялық сараптамадан өткізіліп, қабылдау актісі жасалды.

Бұған дейін Ресей арендасынан Байқоңырдағы аумағы 11,6 мың гектар болатын жер учаскелерін қайтару шешімі мақұлданды.

Тиісті хаттамаға 2017 жылдың 9 қарашасында Челябинск қаласында қол қойылды.

Жаңалықтар
0