Биыл ірі қазақстандық лагерь - Карлагтың құрылғанына 90 жыл болады. Ол Қарағанды облысындағы үш аудан аумағын алған.
Лагерь тек 1959 жылы жабылды. 29 жыл бойы Карлагта миллионға жуық тұтқын болды.
30-шы жылдардағы сталиндік репрессия кезінде 5 миллионнан астам адам лагерьлерге жіберілген.
Сонымен қатар 31 мамыр – ашарлықта қаза тапқандарды еске алу күні. Қазақ даласында ашаршылық 2 рет болды: 1921-1922 және 1932-1933 жылдар.
© Sputnik / Болат ШайхиновXX ғасырдың басы мен ортасына дейін Қазақстан үлкен түрмеге айналды. 30 жыл бойы ел аумағында Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) және АЛЖИР атауымен белгілі Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері болды
1/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
XX ғасырдың басы мен ортасына дейін Қазақстан үлкен түрмеге айналды. 30 жыл бойы ел аумағында Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) және АЛЖИР атауымен белгілі Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері болды
© Sputnik / Асем МиржекееваКарлаг. Бұл жерді қарапайым лагерь деу қиын. Аумағы, өзінің ішкі заңдары мен адамдар санына қарағанда бұл мемлекет ішіндегі мемлекет болды
2/12
© Sputnik / Асем Миржекеева
Карлаг. Бұл жерді қарапайым лагерь деу қиын. Аумағы, өзінің ішкі заңдары мен адамдар санына қарағанда бұл мемлекет ішіндегі мемлекет болды
© Sputnik / Асем МиржекееваКарлагта миллионға жуық адам жазасын өтеді. 1940 - 1950 жылдар аралығында лагерьде аштық пен түрлі аурудан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Әлі күнге дейін ғимарат адамдардың қайғы-қасіретіне толы
3/12
© Sputnik / Асем Миржекеева
Карлагта миллионға жуық адам жазасын өтеді. 1940 - 1950 жылдар аралығында лагерьде аштық пен түрлі аурудан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Әлі күнге дейін ғимарат адамдардың қайғы-қасіретіне толы
© Sputnik / Болат ШайхиновАЛЖИР. Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері 1937 жылдың желтоқсан айында құрылды. 1938 жылдың қаңтарында Москва мен Ленинградтан алңашқы әйелдер келді. Мұнда 20 мыңға жуық тұтқын болған
4/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
АЛЖИР. Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері 1937 жылдың желтоқсан айында құрылды. 1938 жылдың қаңтарында Москва мен Ленинградтан алңашқы әйелдер келді. Мұнда 20 мыңға жуық тұтқын болған
© Фонд Первого президента РКОлардың арасында Гүлжамал Майлина, Азиза Рысқұлова, Гуләндам Қоджанова, Анна Каган, Фатима Османова, Елизавета Садуақасова да болған
5/12
© Фонд Первого президента РК
Олардың арасында Гүлжамал Майлина, Азиза Рысқұлова, Гуләндам Қоджанова, Анна Каган, Фатима Османова, Елизавета Садуақасова да болған
© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстандағы лагерьлерге КСРО-ның түкпір-түкпірінен мал тиейтін вагондармен әйелдер әкелінді. Бұл вагондарды сол кезде "сталиндік немесе столыпиндік" деп атаған екен. Әйелдер өздерінің қайда келе жатқанын білмеген. Оларға "күйеулеріңмен кездесесіңдер" деп айтыпты
6/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қазақстандағы лагерьлерге КСРО-ның түкпір-түкпірінен мал тиейтін вагондармен әйелдер әкелінді. Бұл вагондарды сол кезде "сталиндік немесе столыпиндік" деп атаған екен. Әйелдер өздерінің қайда келе жатқанын білмеген. Оларға "күйеулеріңмен кездесесіңдер" деп айтыпты
© Photo : пресс-служба управления культуры и спорта АстаныӘйелдер қақаған аязда тоңып, үсіп кететін жағдайлар болған. Оларға отынды да шамалап береді екен. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде шаштары мұз болып қатып қалады. Ал вагондар бекеттерге тоқтаған кезде "әйелдердің өлі денесі түсіп жатты деген" деректер де бар
7/12
© Photo : пресс-служба управления культуры и спорта Астаны
Әйелдер қақаған аязда тоңып, үсіп кететін жағдайлар болған. Оларға отынды да шамалап береді екен. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде шаштары мұз болып қатып қалады. Ал вагондар бекеттерге тоқтаған кезде "әйелдердің өлі денесі түсіп жатты деген" деректер де бар
© Sputnik / Болат Шайхинов"АЛЖИР" лагері 30 га жерді алып жатты. Оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған
8/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
"АЛЖИР" лагері 30 га жерді алып жатты. Оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған
© Sputnik . Болат ШайхиновЛагерьдегі сұмдыққа шыдай алмаған кейбір әйелдер өз-өзіне қол жұмсаған
9/12
© Sputnik . Болат Шайхинов
Лагерьдегі сұмдыққа шыдай алмаған кейбір әйелдер өз-өзіне қол жұмсаған
© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстандағы лагерьде 62 ұлт өкілі жазасын өтеді. Әйелдер 18-20 сағат жұмыс істеді. "АЛЖИР" лагерінің жанында "Жалаңаш" деген көл бар. Онда әйелдер қамыс шауыпты. Олар күніне 40 бау қамыс жинауы керек. Егер бұл талапты орындамаса, бір тілім нан да, тамақ та бермеген
10/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қазақстандағы лагерьде 62 ұлт өкілі жазасын өтеді. Әйелдер 18-20 сағат жұмыс істеді. "АЛЖИР" лагерінің жанында "Жалаңаш" деген көл бар. Онда әйелдер қамыс шауыпты. Олар күніне 40 бау қамыс жинауы керек. Егер бұл талапты орындамаса, бір тілім нан да, тамақ та бермеген
© Sputnik / Асем МиржекееваҚарағандыдан 30 шақырым жерде балалар зираты болған. Тамақ ішпей әбден әлсіреген, ауруға шалдыққан балалар көз жұмды
11/12
© Sputnik / Асем Миржекеева
Қарағандыдан 30 шақырым жерде балалар зираты болған. Тамақ ішпей әбден әлсіреген, ауруға шалдыққан балалар көз жұмды
© Sputnik / Анатолий УстиненкоКүрес пен үміт. Айналадағы сұмдықтан ойымен алшақ кетуге тырысқан әйел бейнесі. Қиындыққа қайыспаған нәзікжанды
12/12
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Күрес пен үміт. Айналадағы сұмдықтан ойымен алшақ кетуге тырысқан әйел бейнесі. Қиындыққа қайыспаған нәзікжанды