Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Күрес пен үміт: АЛЖИР мен Карлаг лагерьлерінің қайғы-қасіреті - фото

Жазылу
31 мамыр - тарихтағы қаралы даталардың бірі. 1997 жылдан бастап Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді

Биыл ірі қазақстандық лагерь - Карлагтың құрылғанына 90 жыл болады. Ол Қарағанды облысындағы үш аудан аумағын алған.

Лагерь тек 1959 жылы жабылды. 29 жыл бойы Карлагта миллионға жуық тұтқын болды.

30-шы жылдардағы сталиндік репрессия кезінде 5 миллионнан астам адам лагерьлерге жіберілген. 

Сонымен қатар 31 мамыр – ашарлықта қаза тапқандарды еске алу күні. Қазақ даласында ашаршылық 2 рет болды: 1921-1922 және 1932-1933 жылдар.

© Sputnik / Болат ШайхиновXX ғасырдың басы мен ортасына дейін Қазақстан үлкен түрмеге айналды. 30 жыл бойы ел аумағында Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) және АЛЖИР атауымен белгілі Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері болды
Комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников родины) в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
1/12
XX ғасырдың басы мен ортасына дейін Қазақстан үлкен түрмеге айналды. 30 жыл бойы ел аумағында Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) және АЛЖИР атауымен белгілі Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері болды
© Sputnik / Асем МиржекееваКарлаг. Бұл жерді қарапайым лагерь деу қиын. Аумағы, өзінің ішкі заңдары мен адамдар санына қарағанда бұл мемлекет ішіндегі мемлекет болды
КарЛАГ - Sputnik Қазақстан
2/12
Карлаг. Бұл жерді қарапайым лагерь деу қиын. Аумағы, өзінің ішкі заңдары мен адамдар санына қарағанда бұл мемлекет ішіндегі мемлекет болды
© Sputnik / Асем МиржекееваКарлагта миллионға жуық адам жазасын өтеді. 1940 - 1950 жылдар аралығында лагерьде аштық пен түрлі аурудан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Әлі күнге дейін ғимарат адамдардың қайғы-қасіретіне толы
Музей Карлага в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан
3/12
Карлагта миллионға жуық адам жазасын өтеді. 1940 - 1950 жылдар аралығында лагерьде аштық пен түрлі аурудан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Әлі күнге дейін ғимарат адамдардың қайғы-қасіретіне толы
© Sputnik / Болат ШайхиновАЛЖИР. Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері 1937 жылдың желтоқсан айында құрылды. 1938 жылдың қаңтарында Москва мен Ленинградтан алңашқы әйелдер келді. Мұнда 20 мыңға жуық тұтқын болған
Комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников родины) в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
4/12
АЛЖИР. Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері 1937 жылдың желтоқсан айында құрылды. 1938 жылдың қаңтарында Москва мен Ленинградтан алңашқы әйелдер келді. Мұнда 20 мыңға жуық тұтқын болған
© Фонд Первого президента РКОлардың арасында Гүлжамал Майлина, Азиза Рысқұлова, Гуләндам Қоджанова, Анна Каган, Фатима Османова, Елизавета Садуақасова да болған
Узницы АЛЖИРа - Sputnik Қазақстан
5/12
Олардың арасында Гүлжамал Майлина, Азиза Рысқұлова, Гуләндам Қоджанова, Анна Каган, Фатима Османова, Елизавета Садуақасова да болған
© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстандағы лагерьлерге КСРО-ның түкпір-түкпірінен мал тиейтін вагондармен әйелдер әкелінді. Бұл вагондарды сол кезде "сталиндік немесе столыпиндік" деп атаған екен. Әйелдер өздерінің қайда келе жатқанын білмеген. Оларға "күйеулеріңмен кездесесіңдер" деп айтыпты
Комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников родины) в Акмолинской области   - Sputnik Қазақстан
6/12
Қазақстандағы лагерьлерге КСРО-ның түкпір-түкпірінен мал тиейтін вагондармен әйелдер әкелінді. Бұл вагондарды сол кезде "сталиндік немесе столыпиндік" деп атаған екен. Әйелдер өздерінің қайда келе жатқанын білмеген. Оларға "күйеулеріңмен кездесесіңдер" деп айтыпты
© Photo : пресс-служба управления культуры и спорта АстаныӘйелдер қақаған аязда тоңып, үсіп кететін жағдайлар болған. Оларға отынды да шамалап береді екен. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде шаштары мұз болып қатып қалады. Ал вагондар бекеттерге тоқтаған кезде "әйелдердің өлі денесі түсіп жатты деген" деректер де бар
Музей АЛЖИР возобновил работу после реэкспозиции - Sputnik Қазақстан
7/12
Әйелдер қақаған аязда тоңып, үсіп кететін жағдайлар болған. Оларға отынды да шамалап береді екен. Таңертең ұйқыдан тұрған кезде шаштары мұз болып қатып қалады. Ал вагондар бекеттерге тоқтаған кезде "әйелдердің өлі денесі түсіп жатты деген" деректер де бар
© Sputnik / Болат Шайхинов"АЛЖИР" лагері 30 га жерді алып жатты. Оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған
Комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников родины) в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
8/12
"АЛЖИР" лагері 30 га жерді алып жатты. Оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған
© Sputnik . Болат ШайхиновЛагерьдегі сұмдыққа шыдай алмаған кейбір әйелдер өз-өзіне қол жұмсаған
О чем молчат стены АЛЖИРА - Sputnik Қазақстан
9/12
Лагерьдегі сұмдыққа шыдай алмаған кейбір әйелдер өз-өзіне қол жұмсаған
© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстандағы лагерьде 62 ұлт өкілі жазасын өтеді. Әйелдер 18-20 сағат жұмыс істеді. "АЛЖИР" лагерінің жанында "Жалаңаш" деген көл бар. Онда әйелдер қамыс шауыпты. Олар күніне 40 бау қамыс жинауы керек. Егер бұл талапты орындамаса, бір тілім нан да, тамақ та бермеген
Музей репрессий - Sputnik Қазақстан
10/12
Қазақстандағы лагерьде 62 ұлт өкілі жазасын өтеді. Әйелдер 18-20 сағат жұмыс істеді. "АЛЖИР" лагерінің жанында "Жалаңаш" деген көл бар. Онда әйелдер қамыс шауыпты. Олар күніне 40 бау қамыс жинауы керек. Егер бұл талапты орындамаса, бір тілім нан да, тамақ та бермеген
© Sputnik / Асем МиржекееваҚарағандыдан 30 шақырым жерде балалар зираты болған. Тамақ ішпей әбден әлсіреген, ауруға шалдыққан балалар көз жұмды
Музей Карлаг - Sputnik Қазақстан
11/12
Қарағандыдан 30 шақырым жерде балалар зираты болған. Тамақ ішпей әбден әлсіреген, ауруға шалдыққан балалар көз жұмды
© Sputnik / Анатолий УстиненкоКүрес пен үміт. Айналадағы сұмдықтан ойымен алшақ кетуге тырысқан әйел бейнесі. Қиындыққа қайыспаған нәзікжанды
Лагерь АЛЖИР в Карагандинской области  - Sputnik Қазақстан
12/12
Күрес пен үміт. Айналадағы сұмдықтан ойымен алшақ кетуге тырысқан әйел бейнесі. Қиындыққа қайыспаған нәзікжанды
Жаңалықтар
0