Әлем

Ресей зымыран әскерін не үшін күшейтіп жатыр?

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуИспытание новой баллистической ракеты "Сармат"
Испытание новой баллистической ракеты Сармат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сармат" зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін айналып өте алады. Оның ұшу траекториясын алдын ала болжап отыру мүмкін емес

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ресейде "Сармат" атты жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу жұмыстары аяқталуға жақын. Вице-премьер Юрий Борисовтың айтуынша, COVID-19 пандемиясы дайындық шараларына ықпал еткен жоқ.

Ядролық қарумен пара-пар

Шахтаның ішінде орналасатын РС-28 "Сармат" зымыран кешені мемлекеттік бағдарлама аясында құрастырылған. Бұған дейін зымыранды ұшыруға дайындау шаралары сәтті атқарылды. Алдағы уақытта кешен қосымша блоктармен жасақталады. Соның ішінде гипердыбыстық жаңа блок та бар. Ал 2021 жылы оны стратегиялық мақсаттағы зымыран әскеріне тапсырады.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлады – министрлік мәлімдеме жасады
Бүгінде Домбаров зымыран дивизиясында "Авангард" атты гипердыбыстық кешен бар. Одан көбінесе бұрынғы "Сарматтарды" ұшыруға болады. Ал жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыран әлем бойынша ең мықты Р-36М2 "Воевода" зымыранын (батыста оны "SS-18 Satana" деп атап кеткен – Sputnik) алмастырады деген жоспар бар.

"Сармат" зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін айналып өте алады. Оның ұшу траекториясын алдын ала болжап отыру мүмкін емес. Жаңа зымыранның "Воеводадан" басты айырмашылығы сол, Ю-71 маркалы гипердыбыстық блоктардың арқасында жоғары дәлдігі артып отыр. Жылдамдығы – секундына 7 километр. Ондайда блоктың кинетикалық энергиясы ядролық қарумен пара-пар соққы жасайды, бірақ радиоактивті зақым болмайды. Себебі жаңа зымыран ядролық қару-жараққа жатпайды.

Бүгінде осы зымыранның сериялық өндірісі үшін кәсіпорындарды модернизациялау аяқталды. Жаңа кешен Краснояр өңірінде және Орынбор облысында орнатылады.               

Жаңа зымыранның сипаттамасы

Бүгінде жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыраннан алыс ұшатын зымыран жоқ. Ол "Воеводадан" бір жарым есеге асып түсті. Ал ұшу қашықтығы 18 000 шақырымға дейін жетті.

Зымыранның толық салмағы – 208 тонна. Соның ішінде отынның көлемі – 178 тонна. Ұзындығы - 35,5 метр, ал диаметрі – 3 метр.

"Воевода" мен "Сарматтың" әскери қуаты бірдей, алайда жаңа зымыран Aegis, THAAD және тағы басқа қорғаныс жүйелерін айналып өте алады. Мәселен, зымыран аспанға көтерілгеннен кейін маневр жасайтын блоктың жылдамдығы секундына 7 километрге дейін артады. Ал 100 шақырым биіктікте қиын маневр жасайды да, қарсыластың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне көрінбей кетеді. Жаңа зымыран 60 секундтың ішінде ұшыруға дайын болады. Онымен ғарыш аппараттарын да ұшыруға мүмкіндік бар. Осылайша, "Сарматқа" салынған қаржының біраз бөлігі қайтарылады деген жоспар бар.

Зымыран әскерін күшейтудің мақсаты қандай?

Бұған дейін АҚШ-тың CNBC арнасы барлау қоғамдастығына сілтеме жасай отырып, 60 дана "Сармат" туралы ақпарат таратқан болатын. Алайда Ресейдің қорғаныс министрлігі өз жоспарын өзгертуі мүмкін. Әзірше бұл – жаңа зымырандардың шекті көлемі. Бұның бәрі стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты шектеу және қысқарту туралы келесімшартта (СНВ-3) көрсетілген. Оған сәйкес, Ресейге 700 ұшыру қондырғысы мен 1 150 әскери блокты жасақтауға рұқсат бар.

Қазіргі кезде стратегиялық мақсаттағы зымыран әскері ядролық күштерге тиесілі қару-жарақтың шамамен 60 процентін ұстап отыр. 2024 жылға дейін оларда тек жаңа үлгідегі қару-жарақ қана қалады деген жоспар бар.

Вид на берег через перископ многоцелевой атомной подводной лодки - Sputnik Қазақстан
Сүңгуір қайықтар әскери-теңіз күштерінің әлеуетін арттырады
Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерін дамыту кезінде АҚШ-тың сыртқы саясаты ескеріледі. Соның ішінде Вашингтонның орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою келісімшартынан шығып кету шешімі де бар. Ондай зымырандар Еуропада Ресейге жақын жерде орнатылуы мүмкін. Мәселен, Польша мен Румынияда Пентагонның зымыранға қарсы кешендері құрылды. Ол жерде Мк-41 әмбебап ұшыру қондырғылары да бар. Соның негізінде "Стандарт-3" мен "Томагавк" зымырандарын ұшыруға болады. Ал Польша мен Румынияда тұрған ұшқышсыз аппараттарды ядролық оқ-дәрімен жабдықтауға әбден мүмкіндік бар.

"Красная звездаға" сұхбат берген стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерінің қолбасшысы Сергей Каракаевтың айтуынша, орта қашықтыққа ұшатын зымырандар Ресейге қарсы қолданылса, кері соққы сол зымырандарды ұшырған мемлекеттерге ғана емес, АҚШ-қа жасалады.

Биыл зымыран әскері 200-ден астам оқу-жаттығуды өткізуді жоспарлап отыр. Соның ішінде құрлықаралық баллистикалық зымыранды алты рет ұшыру шарасы да бар. Оны Плесецк ғарыш айлағында жасайды.

Бүгінде стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерінің құрамында үш зымыран армиясы мен 12 зымыран құрамы (соның ішінде шахталық ұшыру қондырғысы бар төрт дивизия мен көшпелі кешенмен жұмыс істейтін сегіз мобильді құрам) бар. Ал оларды әуе қорғанысына арналған С-300ПМ мен С-400 зениттік кешендер, сондай-ақ, "Мозырь" жүйесі қорғап тұр.

Жаңалықтар
0