Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?

© Sputnik / Владислав ВодневДезинфекция столицы
Дезинфекция столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
COVID-19 індетіне қарсы күресте ресейлік әдіс өзінің нақтылығымен әрі жоғары технологиясымен ерекше. Әскерилердің көп жылдық жауынгерлік дайындық тәжірибесі – радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныста өте мығым

Жуырда ғана Ресей жағдайға қарай жедел бейімделуге арналған ауқымды жаттығу өткізіп, өз аймақтарында далалық госпитальдар мен әскери топтарды орналастырды, деп жазады әскери шолушы Александр Хроленко.

Коронавирус америкалықтардың Defender Europe 2020 маневрлік жоспарын тоқтатып, соның ішінде батыс әскерилерінің де қызметін әлсіретті (бұл америкалық Foreign Policy басылымының тұжырымы). Ал Ресей армиясы жоғары әскери дайындықта және COVID-19 індетімен күресте алдыңғы шепте жүр. 25 наурызда Ресей қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердің жаппай жұқтыру мен вирустық инфекциялардың таралу қаупін жоюға дайындығын кенеттен тексеруді бастады.

Батыс және Орталық әскери округінің жеті жаттығу алаңында (БӘО және ОӘО) арнайы жаттығулар өтті. Оған радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныстағы әскери бөлімшелері (РХБҚ) мен әуе-ғарыш күштері, стратегиялық мақсаттағы ракеталық әскері, орталыққа бағынысты инженерлік және медициналық қамтамасыз ету ұйымдарының әскерилері қатысты.

Рабочая поездка заместителя председателя Совета безопасности РФ  Д. Медведева в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Саясат
Коронавирус қаупі: Қазақстан мен Ресей бірлескен шараны талқылауға дайын
Жаттығу кезінде карантиндік және медициналық шаралардың барлық кешені, сондай-ақ объектілер мен белгіленген жерлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Ал карантин режимін әскери полиция мен ұшқышсыз экипаждар қамтамасыз етті. Жаттығу алаңында диагностикалық модульдер мен далалық ауруханалар, эпидемиологиялық барлау пункттері және арнайы өңдеу аймақтары орналастырылды. Инженерлік әскерлер бекініс жасап, арнайы медициналық бөлімдер медициналық және эвакуациялық міндеттерді шешті.

Медициналық қамтамасыз ету бөлімшелері әскери бөлімдердің объектілері мен тұрақты орналастыру пункттерінде санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізді. Әрине, алаңда тұру мен тамақтану жұмыстары да жоспардағыдай ұйымдастырылды.

Бұл өзі дәл уақытында ұйымдастырылған оқу-жаттығу болды. Өйткені, 27 наурызда Ресей аумағында 1000-нан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 223 мыңнан астам адамға зерттеу жүргізіліп, COVID-19 күдігімен медициналық бақылауда шамамен 145 мың Ресей азаматы қалды. Ресей қарулы күштері полигонындағы арнайы іс-шаралар федерацияның құрылтайшы органдарының, басқа да министрліктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметтерінің қатысуынсыз оқшауланған жағдайда өтті.

Батыс әскери округінің аумағындағы төрт облыста – Ленинград, Нижегородской, Воронеж және Курскте арнайы жасақ тобы құрылып, әскери жаттығу полигонда ұйымдастырылды. Оған шамамен 1000 әскери қызметші мен 200-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды. Олардың құрамына химиялық (биологиялық) қорғанудың инженерлік-техникалық жылжымалы кешендері, техникаларды өңдеуге арналған жылыту машиналары (ТМС-65У), далалық зертханалар кешені (КЛП-10), жанармай құю станциялары (АРС-14КМ) мен басқа да техникалық жабдықтар кіреді.

Химиялық барлау машиналарын қолдана отырып, далалық зертханалық кешендер ауа, су және топырақ сынамаларын өңдеуге алды (КЛП-10). Вирус анықталған жағдайда оның таралу шекаралары электронды картаға басылды. Ал Санкт-Петербургте орналасқан Батыс әскери округіндегі штаб-пәтердің аймақтық басқару орталығы тәулік бойы ақпарат жинап, әскерилердің қызмет ету аймағындағы эпидемиологиялық жағдайға талдау жасады.

Образцы крови в лаборатории молекулярно-генетических методов  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей коронавирус диагностикасына арналған тест-жүйелерді Қазақстанға берді
Осыған ұқсас шаралар Орал мен Сібірде де өтті. Екатеринбургтегі қауіпті медициналық бөлімшенің әскери дәрігерлері Свердлов облысының оқу полигондарының біріне шеру жасап, заманауи қондырғылармен жабдықталған контейнер-модульдерден тұратын далалық аурухана құрды. Бұл шара дәрігерлердің арнайы техника мен жабдықтардың төтенше жағдайды оқшаулау бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеруге бағытталған.

Далалық аурухана өзінің реанимация бөлімімен, интенсивті терапия модулімен және жылжымалы медициналық көмек кешенімен жабдықталған. Барлық нысандар автономды энергиямен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерімен, ауаны тазартумен, сумен жабдықтау, жылыту және желдету құрылғыларымен жарақтандырылған. Бұл әсіресе жұқпалы ауруларды емдеуде өте маңызды. Айта кетейік, Ресей қарулы күштерінде COVID-19 оқиғасы тіркелген жоқ.

Кемеров және Новосибирск облысындағы оқу полигонында Орталық әскери округінің дәрігерлері мен инженерлері және химиктер тобы құрылды. Олар инфекция таралуының алдын алып, төтенше жағдайды оқшаулау міндеттерін орындады. Сонымен қатар, инфекциямен ластанған аймақтың периметрін қорғауда логистикалық және инженерлік қамтамасыз ету, жаяу және мобильді патрульдер жүйесі, жабдықталған сүзу пункттері жұмыс істеді.

Топ құрамына Алтай аймағы мен Кемеров және Новосибирск облысында орналасқан Орталық әскери округінің 41-ші құрама әскерінің 500-ден астам әскери қызметшісі мен 60-тан астам арнайы техникасы жұмылдырылды.

Полигондар заманауи арнайы құралдармен жабдықталып, химиялық және биологиялық әскери бөлімшелер Свердлов облысындағы стратегиялық мақсаттағы ракеталық RCHB қорғаныс күштерінің 80 бірлік ірі нысанын, оның ішінде Ярс зымыран жүйесінің ұшыру қондырғыларын толықтай өңдеу үшін біртұтас жаңа жылу қозғалтқыштарын (УТМ-80) қолданды.

Жалпы әскери қорғаныс кешендерінің жиынтығы сырт көз үшін ескірген немесе жетілмеген болып көрінуі мүмкін. Бірақ олар өте сенімді, қайта пайдалануға жарамды және радиоактивті шаң мен биологиялық қауіптен қорғайды.

Статуя в маске в Сан-Фьорано, Италия - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей Италияға коронавируспен күресуге қалай көмектесіп жатыр
Арнайы іс-шаралар кезінде науқастарға көмек көрсету мен карантиндік және медициналық шараларды жүзеге асыру үшін Қорғаныс министрлігінің әуе және теміржол арқылы алыс аудандарға қажетті күштер мен құралдарды тасымалдауға арналған көлік мүмкіндіктері де тексерілді. Ил-76 әскери көлігінің он шақтысы Тверь, Псков, Орынбор және Ульяновск облысынан Саратов маңындағы жедел аэродромға ұшты. Экипаждар РХБҚ әскерлері мен техникаларды алыс қашықтыққа тасымалдаумен айналысты.

Қорғаныс министрлігі коронавирус індеті аясында РХБҚ әскерлерінің үлкен және күрделене түсетін арнайы жаттығуына қосымша, мамырдың ортасына дейін елдің әртүрлі аймақтарында 16 модульдік инфекциялық орталықтардың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр (оған Ресей үкіметінің резервтік қорынан шамамен 9 миллиард рубль бөлінді). Әрине, әскер үшін бұл медициналық орталықтар артық болуы мүмкін, бірақ олар болашақ үшін және елдің қарапайым тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет-ақ.

РХБҚ әскерінің негізгі мақсаты – осындай әскери әрекеттер кезінде  биологиялық жағдайды анықтау және жедел бағалау болып табылады. Ал әскерилердің негізгі міндеті – көп функциялы жеке бригадалардың қорғаныс шараларының барлық кешенін жүргізу.

Қалай десек те, Ресей коронавирустық індетке қарсы кең ауқымды соғыс жариялады. Тіпті, жақын көршілеріне де көмектесуге дайын. Осы кезге дейін Италияға 15 әскери зертхананың бірін, 20 дезинфекциялық машина, 20 мың РХҚБ әскері мен 2 065 бірлік құрылғыны және 66 маманды COVID-19 індетімен күресуге жіберді. Бұл өмір мен қауіпсіздіктің ортақ кеңістігі ұлттық шекаралармен бөлінбейді деген сөз.

Жаңалықтар
0