Саясат

Коронавирус қаупі: Қазақстан мен Ресей бірлескен шараны талқылауға дайын

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуРабочая поездка заместителя председателя Совета безопасности РФ Д. Медведева в Казахстан
Рабочая поездка заместителя председателя Совета безопасности РФ  Д. Медведева в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей әлемді коронавирус жайлауымен байланысты экономикалық проблемаларды шешу жолын бірлесе іздеуге дайын

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев коронавируспен байланысты экономикалық проблемаларды шешудің бірлескен жолын талқылауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен соң Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары кездесу қорытындысын тілшілермен бөлісті. Оның айтуынша, өңірлік мәселелермен қатар жаһындық проблемалар да көтерілген. 

"Мен бұл мәселелерді Қауіпсіздік кеңестері деңгейінде талқылауды ұсындым. Үкімет деңгейінде де көтерілуі тиіс. Қажеттілік туындаса экономикалық проблемаларды бірлесе шешу жолын табу керек. Коронавирус қаупін осыдан бір жарым-екі ай бұрын ешкім болжамаған еді. Ал қазіргі уақытта індет әлемдегі экономикалық процестердің дамуына кері әсерін тигізіп жатыр", - деді Дмитрий Медведев.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Медведевпен не туралы сөйлесті?

Еске сала кетсек, Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев астанаға бір күндік сапармен келген болатын. 

Жаңалықтар
0