НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды.
Айта кетейік, Дариға Назарбаева бұрынғы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясынан кейін 2019 жылдың 20 наурызында сенаттың спикері болып сайланды.
Осы жылдың қыркүйегінде ол сенаттың спикері болып қайта сайланды.
Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Дариға Назарбаеваға құттықтау жеделхатын жолдады.
"РФ Федерация кеңесінің мүшелері мен Қазақстан сенатының депутаттары арасындағы сенім мен сыйластық қарым-қатынастар біздің елдеріміздің стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге, барлық салада сындарлы екіжақты ынтымақтастықты орнатуға және еуразиялық интеграциялық процестер шеңберіндегі өзара іс-қимылдың берік негізі бола беретініне сенімдімін", - делінген хабарламада.
Матвиенко Ресей Федерациясы мен Қазақстан жоғарғы палаталарының спикерлері арасындағы достықты және әртүрлі мәселелер бойынша дәстүрлі өзара түсіністі жоғары бағалайтынын атап өтті.