Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан Арал түбіндегі шекараны демаркациялайды

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOV Арал теңізінің құрғап кеткен бөлігі
 Арал теңізінің құрғап кеткен бөлігі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар бұрынғы теңіз түбі аумағында далалық жұмыстар жүргізуге келісті

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Тартылып кеткен Арал теңізінің түбінде мемлекеттік шекараны белгілеу жоспары Жизақ қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы кезінде айқындалды.   

Ауыл тұрғыны - Sputnik Қазақстан
Арал теңізін кім құтқарады?
Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрші елдер Аралдың құрғап кеткен бөлігінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізуге келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Зүлфия Аманжолова мен Өзбекстанның жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Тулкин Абдуллаев қол қойды.

Жаңалықтар
0