Арал теңізін кім құтқарады?

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVАуыл тұрғыны
Ауыл тұрғыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше жыл бұрын Арал теңізі әлемдегі ең үлкен жабық теңіздердің бірі болған еді. Соңғы 40 жыл ішінде Арал теңізінің көлемі екі есеге дейін тартылып, судың деңгейі бес есеге дейін азайып, судың тұздылығы артты, судағы балықтар қырылды. Sputnik Тәджікстан Арал теңізін сақтап қалуға қатысты мәселені талқылайды

Жүз жыл бұрын 1917 жылы Орталық Азияның қазіргі посткеңестік елдерінің территориясында орналасқан Арал теңізінен 3,5 миллион гектар жер алқабы суарылып отырды. Жер де, су да жеткілікті болатын. Алайда өткен ғасырдың 70-жылдарында бұл жағдай күрт өзгеріп, бұл өңірде күрделі өзгерістер орын алды.

Суға қатысты ең үлкен проблема

Жүз жылда Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан және Қазақстан аумағындағы суармалы жердің көлемі  шамамен 4 есеге дейін – 3-тен 11 миллион гектарға дейін ұлғайып, тұрғындардың саны 5 еседен астам өсіп, 70 миллион адамға жетті. 

Нәтижесінде бұның теріс жақтары туындап, Арал теңізіне құятын Сырдария мен Амудария өзендерінен алынатын судың көлемі ұлғайып, теңіздің тартылуына әкелді. 

Өткен ғасырдың 70-жылдары КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің жетекші жобалау институты "Союзгипроводхоз" ресейлік Обь өзенінің бір бөлігін Қорған, Челябинск және Омбы облыстарынан одан ары, Орталық Азияға бұру жобасы дайындалған болатын. Алайда, бұл идея экологтар тарапынан қолдау таппады. Авторлардың айтуынша, Обь өзенінің жылдық ағымының 7% қолданудың экологияға тигізер зардабы болмайды және Обьтің төменгі ағысының бойындағы батпақты жердің аумағын азайтып, Арал теңізін қайта жандандыруға мүмкіндік берер еді. 




Жаңалықтар
0