11:10 23 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR507.21
  • RUB5.57
ТАҚЫРЫП
  • Қазақстан парламентінің ғимараты
    Последнее обновление: 12:09 21.10.2020
    12:34 21.10.2020

    Мәжіліс сайлауы

    Қазақстан парламенті мәжілісінің алтыншы шақырылымының өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен кезекті мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. 

    Мәжіліс сайлауына қатысты жаңалықтарды Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз. 

     

  • Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында жолдауын жариялады
    Последнее обновление: 20:20 14.09.2020
    13:30 01.09.2020

    Президент жолдауы - 2020

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл Тоқаевтың екінші жолдауы. Ол алғашқы жолдауын 2019 жылы 2 қыркүйек күні жасаған болатын. Президенттің қандай мақсат-міндеттер қойғанын және оның қалай орындалатынын Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыздар.

  • Хазірет-Сұлтан мешіті
    Последнее обновление: 12:03 24.05.2020
    12:38 23.04.2020

    Рамазан айы - 2020

    2020  жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырға дейін созылады. Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 

    Осы жылы  пітір садақаның мөлшері адам басына 370 теңге деп белгіленді. Төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақа мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.

    Карантин кезінде мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намаздары уақытша оқылмайды.

    Сонымен қатар, мешіт пен қоғамдық орындарда ауызашар берілмейді.

     

  • Алматыдағы блокпост
    Последнее обновление: 13:58 20.10.2020
    14:10 31.03.2020

    Төтенше жағдай және карантин

    Коронавирус індетіне байланысты 16 наурыздан Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуірге дейін созылады. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Екі мегаполисте ең көп науқас саны тіркеліп отыр. Басқа қалалар да қажетті шектеу шараларын қолға алып жатыр. Күннен-күнге коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді, қайтыс болғандар бар. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыздар.

  • Бердібек Сапарбаев бастаған комиссия Қордайға барды
    Последнее обновление: 13:17 04.08.2020
    19:48 08.02.2020

    Қордайдағы қақтығыс

     

    Жамбыл облысының Қордай ауданында туындаған тұрмыстық кикілжің жаппай тәртіпсіздікке ұласты. 7 ақпанда Масаншы ауылында жанжал шығып, кейін төбелеске көрші Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген тұрғындар қосылған. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Келесі күні қақтығыс салдарынан 8 адамның қаза болып, 40-тан астамы жарақат алғаны белгілі болды. Олардың ішінде оқ тиген полицейлер де бар. Үйлер, дүкендер мен көліктер қиратылған.

    8 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер министрлігі 47 адамгың ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр. 

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасады. Ол қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылды.

  • Қытайдағы коронавирус
    Последнее обновление: 11:54 21.10.2020
    18:59 29.01.2020

    Коронавирус эпидемиясы

    Желтоқсан айының соңында Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз пневмония тарады деген ақпараттар жариялана бастады. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі -COVID-19 екенін анықтады. Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де тарап кетті. Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия, Канадада тіркелді. 

    28 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупінің деңгейі "өте жоғары" екенін мойындады.

    Қазақстан үкіметі елімізде коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар шара қабылдады. 29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылмақ. Бұдан бөлек, Қытай азаматтарына виза берілмейді.

    Қытайдан келген қазақстандықтар қатаң бақылауға алынды. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқи аласыз. 

  • зымыран
    Последнее обновление: 12:06 10.01.2020
    13:50 08.01.2020

    АҚШ пен Иран қақтығысы

    Иран 8 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына зымыранмен соққы жасады. Соңғы мәліметтер бойынша Иран аумағынан 20-дан астам зымыран ұшырылған. Иран сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхаммад Джавад Зариф зымыран соққысын өзін-өзі қорғау шарасы деп атады. Ал Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп "бәрі жақсы" екенін айтып, таяуда Иранға қатысты мәлімдеме жасайтынын хабарлады. Айта кетсек, Иран тарапы бұған дейін генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек қайтаратынын мәлімдеген еді. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз. 

  • оқиға орнынан фото
    Последнее обновление: 15:32 16.10.2020
    14:22 27.12.2019

    Алматы маңындағы ұшақ апаты

    28 желтоқсан таңертең Алматы түбінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуежайдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады. 

    Ұшақтың ішінде 93 жолаушы, соның ішінде төрт шетелдік азамат және 5 экипаж мүшесі болған. Мемлекеттік органдар ресми түрде қайғылы оқиғадан 12 адамның қаза тапқанын хабарлады. 50 адам ауруханаға жатқызылды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтып, кінәлі адамдар қатаң жазаланатынын айтты. Президент 28 желтоқсанды жалпыұттық аза тұту күні ретінде жариялады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз. 

  • Абай ұлдары Ақылбай және Тұрағұлмен
    Последнее обновление: 19:16 15.10.2020
    18:16 07.10.2019

    Абайдың 175 жылдығы

    Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталып жатыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыздар.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жариялады
    Последнее обновление: 12:10 09.09.2019
    17:49 03.09.2019

    Президент жолдауы - 2019

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Бұл жолғы жолдау "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деп аталды. Президенттің қандай мақсат-міндеттер қойғанын және оның қалай орындалатынын Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыздар.

  • Алмазбек Атамбаев
    Последнее обновление: 17:30 17.08.2019
    19:05 08.08.2019

    Атамбаевты ұстау операциясы

    7 тамыз күні кешке Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы резиденциясына экс-президентті ұстау үшін арнайы жасақ келді. Оларға Атамбаевтың жақтастары қарсылық көрсетіп, бірнеше сарбазды кепілге алған. Қақтығыс салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті, олардың кемінде он бесі күш құрылымдарының қызметкері. Оқ тиген бір сарбаз ауруханада көз жұмды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алмазбек Атамбаев ұсталған жоқ. 

  • Арыстағы жарылыс
    Последнее обновление: 19:46 24.06.2020
    12:26 24.06.2019

    Арыстағы жарылыс

    24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, артынша алапат өртке ұласты. Жарылыстың салдарын жою жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр. Арыс тұрғындары шұғыл түрде Шымкент қаласына көшіріле бастады. Қорғаныс министрлігі оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай орнына барды. Қазіргі уақытта жарылыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз. 

  • Ұлттық бірыңғай тестілеу
    Последнее обновление: 20:41 17.07.2019
    11:47 29.05.2019

    ҰБТ - 2019

    2019 жылы елімізде 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Биыл тест тапсырмалары 30 процентке жаңартылды. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма бар. Алайда 140 ұпай жинауға болады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз.

  • мешіт
    Последнее обновление: 19:21 05.06.2019
    16:18 11.04.2019

    Рамазан айы - 2019

    2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

  • сайлау учаскесі
    Последнее обновление: 11:11 20.06.2019
    13:12 11.04.2019

    Президент сайлауы - 2019

    2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, отставкға кететінін мәлім етті. Конституция бойынша мемлекет басшысының міндеті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. 2019 жылдың 9 сәуірінде Тоқаев халыққа үндеу жариялап, кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына белгіленгенін мәлімдеді.

     



  • Последнее обновление: 09:17 18.04.2019
    23:41 19.03.2019

    Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы

    Қазақстанның тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда халыққа үндеу жолдап, мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

    1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-ның Жоғарғы кеңесі президент лауазымын бекітті. Ел басшылығына Жоғарғы Кеңес Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

    Бұл уақытта Назарбаев Қазақ КСР Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінде 1989 жылдың 22 маусымынан мемлекетті басқарып отырған еді.

    1991 жылдың 1 желтоқсанында елде тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жалғыз үміткер Нұрсұлтан Назарбаев 98,78% дауыс жинады.

  • Қалибек Қуанышбаев театрындағы қойылым кезінде түсірілген сурет
    Последнее обновление: 12:16 15.02.2020
    13:45 14.03.2019

    Қазақстан театрлары

    Қазақстанда қанша театр бар? Олардың құрылу тарихы қандай? Актерлер құрамы мен репертуары, жүлделері мен марапаттары туралы не білеміз? Sputnik Қазақстан материалдарынан толығырақ оқи аласыз. 

  • Праздник юрты в Алматы
    Последнее обновление: 00:01 31.07.2019
    00:04 09.02.2019

    Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе

    күн сайын мерекелер, атаулы даталар, тарихи оқиғалар туралы деректер жариялайды. Бұл күні кімнің туғанын да осы жерден оқи аласыз. "Бүгін қандай мереке" сюжетінде бүкіләлемдік, халықаралық және мемлекеттік мейрамдар, түрлі елдің салт-дәстүрлері туралы ақпарат жинақталған.

  • На месте пожара, в котором погибли пятеро детей
    Последнее обновление: 17:45 13.08.2019
    17:30 04.02.2019

    Бес баланың қазасы

    Астанадағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты. Қайғылы оқиға 4 ақпанға қараған түні болды. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 02.24 түскен, өрт сөндірушілер жалынды 50 минуттан кейін сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың денесі табылған. Көз жұмған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған. Осы оқиғаға байланысты Астана әкімі шұғыл кеңес өткізіп, құзырлы органдарға оқиғаның мән-жайын анықтауды және отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары өрттің алдын ала себебін атады. Айтуынша, пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз. 

  • Денис Тен, архивное фото
    Последнее обновление: 15:59 09.07.2019
    17:06 17.01.2019

    Денис Теннің қазасы

    Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Тен Алматыда 19 шілдеде қаза тапты. Дарынды спортшы көлігінің айнасын тонамақ болғандардың қолынан пышақ жарақатын алып, салдарынан көп қан жоғалтып, ауруханада жан тапсырды. Қыршынынан қиылған спорт жұлдызының қазасы бүкіл Қазақстан халқын есеңгіретті. Денис Тен бар болғаны 25 жаста еді. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

Тағы жүктеу