Экономика

Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанның су шаруашылығы қауіпсіздігі мәселесін талқылады

© Photo : акимат южно-Казахстанской области / Самат МырзалиевСырдария өзені
Сырдария өзені - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отырыста сарапшылар су шаруашылығындағы аса қауіпті қатерлерді атап көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен кеңес жанындағы сарапшылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиынға салалық ұлттық ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының басшысы болып қала береді
Қасымов ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісін ақпараттық-талдау және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеудің, қауіпті қатерлер мен сын-тегеуріндерді терең сараптаудың маңыздылығын айтты.

Жиын барысында су шаруашылығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы су ресурстарының азаюы және оның сапасының нашарлауы халықтың тұрмысына және экономиканың тұрақты дамуына кері әсер ететінін атап өтті.

Сарапшылар аса қауіпті қатерлерді, соның ішінде судың тиімсіз пайдаланылуын, жекелеген гидротехникалық құрылыстардың апаттық жағдайын, су қоймалардың ластануын егжей-тегжейлі талқылады.

Отырысқа қатысушылар су ресурстарын бақылайтын мемлекеттік басқару жүйесін және мониторингті, су саласын ғылыми және кадрлық тұрғыдан қамтамасыз ету ісін жетілдіру жөнінде пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстанның су ресурстары негізінен трансшекаралық өзендердің есебінен жиналатынын ескеріп, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиында су қауіпсіздігінің қаупін азайтуға бағытталған кешенді тәсілдер қажеттігі айтылды.

Жаңалықтар
0