Саясат

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының басшысы болып қала береді

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Қазақстан президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде қызмет ете береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес, мен Тұңғыш президент, Елбасы, Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттілігі бар Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесімін. Яғни, өздеріңізбен бірге боламын", - деді ол өз мәлімдемесінде.

Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті.

Президенттің өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең сағат 12:00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында ант береді.

Жаңалықтар
0