Әлем

Шенеуніктің 7-сыныпта оқитын баласы 2 млн теңгеден астам табыс тапқан

© Sputnik / Тимур БатыршинОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала басшысының кенже ұлы 2018 жылы 2,4 миллион теңге табыс тауыпты

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Ресейдің Свердлов облысы Серов қалалық округы басшысы Василий Сизиковтың жетінші сыныпта оқитын ұлы былтыр 2 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы URA.RU басылымына шенеуніктің өзі айтты.

Қойын кітапшасы - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Бабла мало, нет мерседесов": президент өткізген жиында шенеуніктің жазғаны желіні шулатты

Оның сөзіне сүйенсек, кенже ұлы анасының қолында, яғни шенеуніктің бұрынғы әйелімен тұрады екен. Ол қазір баласына алимент төлеп жүр.

Бұдан бұрын жылдық табысы туралы декларацияда қала басшысы көрсеткендей, 2018 жылы өзі 2,6 миллион рубль (15,4 миллион теңге) қаражат тапса, ұлы – 409,3 мың (2,4 миллион теңге).

Бердібек Сапарбаевтың баласы жаңа қызметке ауысты

Құжаттағы мәліметке сүйенсек, мектеп оқушысы ауданы 552,8 шаршы метр үй мен 212 шаршы метр пәтерде тұрады екен, ал әкесі тұратын үйлердің ауданы - 121,3 және 296 шаршы метр. Мэрдің өзінің де, ұлының да жеке меншігінде жылжымайтын мүлік немесе көлік жоқ.

Василий Сизиков былтыр тамыз айында Серов қалалық округының басшысы қызметіне келді. Оған дейін көлік министрінің орынбасары қызметін атқарыпты, ал оның алдында Свердлов облысы Верхотурье қаласының мэрі болған.

Талдықорғанның экс-әкімінің қатысы бар ма: бір бума ақша табылған көлік кімдікі?

Жаңалықтар
0