АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенконың қатысуымен болған жиында шенеуніктің жазған конспектісі әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.
Жергілікті арна операторы кездейсоқ "бабла мало, нет мерседесов, телки на задне…" деп жазылған мәтінді камераға түсіріп алған. Ал бұл сөздердің авторы кадрдың сыртында қалды.
Президент Лукашенко шенеуніктермен жазғы спорт түрлерін дамыту мәселесіне қатысты кездесу өткізді. Sputnik Беларусь БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, ресми мәліметтер бойынша бұл жиында "мерседес" пен "телка" тақырыбы көтерілмеген.
Ал әлеуметтік желіде бұл жазба дереу көптеген мемге арқау болды.
— starikan (@dstepanec) 18 декабря 2018 г.
Однажды Эрнест Хемингуэй поспорил, что сможет написать самый короткий рассказ, способный растрогать любого.
— НеРон Уизли (@not_RW) 18 декабря 2018 г.
"Бабла мало, нет мерседесов, телки на задне…"— НеРон Уизли (@not_RW) 18 декабря 2018 г.
Бабла мало, нет Мерседесов, телки на задне… pic.twitter.com/bVc81bRdCQ
— Mikita Nedaverkaŭ (@nedaverkau) 18 декабря 2018 г.
Жиын барысында Беларусь басшысы "Жеңіліп қалады екенсіңдер…" деп спорт саласындағы шенеуніктерден ІІ Еуропа ойындарында атлеттерден жоғары нәтиже күтетінін ескертті.