Саясат

Заңгер: Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметі сайлауға түсуге кедергі болмайды

© Photo : пресс-служба Сената РК Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесінде, архивтегі сурет
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесінде, архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ-дағы қызметі кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев заң жүзінде Қазақстанда болған

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Женевада БҰҰ-нда қызмет етуі кезектен тыс президент сайлауына түсуге кедергі бола алмайды, деп мәлімдеді заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Керегі не?" Тоқаевқа өзінің суреті бейнеленген билбордтар жақпай қалды

"Дипломатиялық қызмет туралы" заңның 15-1 бабына сәйкес, дипломатиялық қызметкерлер халықаралық ұйымдарға жіберіледі. Қазіргі президентіміз жұмыс бабымен іс-сапарға жіберіліп,  БҰҰ-да қызмет атқарды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде тұрған жоқ, тек қызмет етті. Ол біздің мемлекеттік органдармен байланысын үзген жоқ. Еліміздің азаматы болғандықтан, бәрі Қазақстан заңнамасына сай жүзеге асты", - деді Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев.

Бұған дейін әділет вице-министрі Наталья Пан президент сайлауына түсетін үміткерлерге қойылатын талаптарда шетелдік іс-сапарлар туралы жазылмағанын айтқан болатын. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға түсуіне еш кедергі жоқ екенін жеткізді.

© Sputnik / Абзал КалиевЗаң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев
Заңгер: Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметі сайлауға түсуге кедергі болмайды - Sputnik Қазақстан
Заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев

Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылдың наурыз айынан бастап 2013 жылдың қазан айына дейін БҰҰ бас хатшысының орынбасары, ұйымның  Женевадағы бөлімшесінің бас директоры  қызметін атқарды.

9 сәуір, сейсенбі күні Тоқаев өзінің халыққа үндеуінде Қазақстанда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев президент сайлауына қатыса ма – баспасөз хатшысы жауап берді

Қазақстан президенті сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, 28 сәуірде аяқталады, тіркеу 11 мамырға дейін созылады.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы "Сайлау туралы" конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Жаңалықтар
0