Өңірлер

"Керегі не?" Тоқаевқа өзінің суреті бейнеленген билбордтар жақпай қалды

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы билбордтарда тек еліміздің нақты жетістіктерін көрсетуге тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында өзінің суреті салынған билбордтар туралы пікірін білдірді.

"Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд қойылғанын естідім. Бұл мүлде орынсыз деп есептеймін, маған ондай насихаттың қажеті жоқ. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылықтың керегі не?", - деп Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаевтың сөзінен үзінді келтірді.

​Оның пікірінше, билбордтар Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арналуы керек.

"Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырмам ", - деп түйіндеді Қазақстан президенті.

Жаңалықтар
0