Қоғам

"Қандай сүйкімді өзі!" Қазақстандықтарды таңғалдырған жас шенеуніктер

© Sputnik / Владислав ВодневШенеунік тілшілердің ортасында
Шенеунік тілшілердің ортасында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда жас шенеуніктер командасы пайда болды – олардың әлеуметтік желіде парақшасы бар, халық және тілшілермен етене араласады, орайы келгенде әзілдесіп те жатады. Sputnik Қазақстан сіздерді жас мемлекеттік қызметшілермен таныстырмақ

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Өткен аптаның жұлдызы бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов болды.

Тілшілердің сұрағына жауап беріп тұрған ол елорданың атауын шатастырып алды:

"Алматы, Астана сияқты қалаларда... а, яғни, Нұр-Астанада... ой, Нұр-Сұлтан, кешірерсіздер", - деді қаржы министрінің орынбасары.

Мұны көрген жұрт өздері де солай шатасып қалатынын мойындап, Шолпанқұловқа қолдау білдіріп жатыр. Тіпті оның бұл қылығын "сүйкімді" деп атағандар да кездесті.

"Осындай мінезі ашық, ақ көңіл шенеунікті бірінші рет көріп тұрмын", "оны жақсы түсінем!", "қай-қайсымыз да шатасамыз, абдырап қалған ғой, сөкпеңіздер", "қандай сүйкімді өзі", "сүп-сүйкімді!" – деп қолданушылар видеоға жағымды пікірлер қалдырған.

Еске сала кетсек, 23 наурызда Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілген болатын. Бірақ елорда тұрғындары "астаналық" болып қала береді.

Берік Шолпанқұлов туралы қызықты деректер:

  • Шолпанқұловтың жасы 44-те, 2019 жылдың 3 наурызында бірінші қаржы вице-министрі болып тағайындалды.
  • Үйленген: әйелі – Мәдина Қожа, балалары – Елнұр (2001 жылы туған) және Қайрат (2005 жылы туған).
  • Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде "экономист-бухгалтер" мамандығын игерді.
  • 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде "Әскери және мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
  • 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болды.
  • 2014-2016 жылдары Қазақстанның қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің экономика және қаржы бойынша орынбасары болды.
  • Кейін Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып істеді.
  • Содан кейін Қазақстанның қаржы министрінің орынбасары қызметіне қайта оралып, кейінірек бірінші вице-министр лауазымын иеленді.

Қияр және қызанақпен аты шыққан министр

25 ақпанда ұлттық экономика министрі болып 44 жастағы Руслан Дәленов тағайындалды, ол бұған дейін вице-министр қызметін атқарған еді.

Руслан Даленов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр Дәленов: тариф арзандамаса, тікелей маған хабарласыңыздар

Ашық мінезді, халыққа жақын шенеунік үкіметтің наурыз айындағы отырысына базардағы көкөністердің суретін алып келіп, тілшілер алдында баға мониторингі туралы есеп берді.

Қияр мен қызанақ әлеуметтік желіні біраз шулатты – халық қанша әзілдесе де, Дәленовті жылы қабылдады.

Дәленов мұнымен шектелмей, Sputnik Қазақстан тілшісіне бұрын салмағы 112 келі болғанын, қалай арықтағанын да айтып берген болатын.

Азаматтарға арналған үкіметтен – үкіметке

Бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы болған 32 жастағы Абылайхан Оспанов цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Абылайхан Оспанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Азаматтарға арналған үкімет" топ-менеджерлері ХҚКО консультанттары болды

Оспанов "Азаматтарға арналған үкіметті" 2017 жылдың қаңтарынан бері басқарды. Белсенді желі қолданушысы, электронды үкіметті жасап шығаруға атсалысып, мобильді үкіметті енгізумен айналысқан.

Басшылыққа келген соң Оспанов Facebook парақшасында мемлекеттік корпорация халықпен әрдайым байланыста болады деп уәде берген еді. Сол сөзінде тұрып, талай рет азаматтарға көмектесіп, сұрақтарға өзі жауап беретін, ХҚКО-ға жұмысқа шығып, адамдарға жылы қабақ танытты.

Тілшілердің сүйікті баспасөз хатшысы

Руслан Иманқұлов көптеген жыл Қазақстанның төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметін басқарып, әсіресе БАҚ өкілдерінің ыстық ықыласына бөленді.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
 "Бәлесінен аулақ". Шенеуніктер бағалы сыйлықтарын неге өткізіп жатыр?  

2018 жылы елордада өткен Astana Media Week апталығы кезінде қазақстандық ұйымдар арасында ең үздік баспасөз қызметі ретінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі марапатталған болатын. Елордалық тілшілер бұл шешімге бірауыздан қарсы болып, Иманқұловқа өз атынан "Шынайы тілшілердің пікірі бойынша ең үздік баспасөз хатшысы" деген марапат тағайындады.

Төтенше жағдайлар комитетінен соң Иманқұлов ҚТЖ ұлттық компаниясы басшысының кеңесшісі болып істеді.

Жақында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың кеңесшісі қызметіне келді.

Жаңалықтар
0