АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшылары бір күнге ХҚКО инспекторларына айналды. Осындай ерекше жолмен мемлекеттік корпорация өзінің құрылғанына бір жыл толуын атап өтуде жөн көрді. Мемлекеттік корпорация мүшелері өзара мұндай жаңа кейіпке енуді "Дублер күні" деп атайды.
Басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов бірнеше сағатқа ХҚКО консультантына айналды, ал оның орынбасарлары мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті қайта тіркеу үшін құжаттарды өздері қабылдап, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруден өткізіп отырды. Мемлекеттік корпорация басшысының сөзіне қарағанда, Дублер күні бүгін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО-лар, әлеуметтік төлемдерді есепке алу орталығы, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде өтіп жатыр екен.
"Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құрылғанына тура бір жыл болды. Осыған орай біз бұл күнді өз жұмысшыларымызбен бірге алдыңғы қатарда өткізу туралы шешім қабылдадық. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өз қызметтік міндеттерін ауыстырып, "алаңға" жұмыс істеуге шықты. Бұл бізге халықпен кері байланыс орнатып, клиенттердің қалауын білуге мүмкіндік береді", — деді Аблайхан Оспанов.