Саясат

АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы не дейді – елші айтып берді

© Photo : Официальный сайт президента РКҚасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Мозер
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Мозер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі биліктің ауысуы бейбіт және бірқалыпты өткенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. АҚШ Қазақстанда биліктің ауысуын жақсы қабылдады, дейді Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы жаңа елшісі Уильям Мозер.

"Біздің үкімет биліктің ауысуы жақсы, тұрақты және бірқалыпты болғанын мойындады", - деп мәлім етті дипломат.

Оның айтуынша, америкалықтар үшін процестің бейбіт өткені маңызды. Елшінің пікірінше, Қазақстан бұл оқиғаны мақтан етуі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп жатыр - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әлемдік көшбасшылар Тоқаев туралы не ойлайды?
Мозер АҚШ-тың республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын атап өтті.

"Қазақстанды бақылау сынды ойымыз жоқ екенін айтып келдік және әрі қарай осылай болатынын айтудан жалықпаймыз", - деді елші БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде.

Дегенмен, екі елдің арасында визасыз режим жуық арада енгізіле қоймайтынын айтты. Өйткені қазақстандық тарап бірқатар талапты орындауы керек.

19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін мәлімдеді. Келесі күні мемлекет басшысы лауазымына сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев кірісті. Тоқаевтың президенттік өкілеттігі 2020 жылы сәуірде аяқталады. Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен "Нұр Отан" партиясының басшысы болы қалып отыр.

Жаңалықтар
0