Мәдениет

Димаштың сахна сыртындағы өмірі туралы деректі фильм түсіріліп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Qazaqstan ұлттық телеарнасы танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы деректі фильм түсіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген туралы деректі фильм осы жылдың күзінде көрермендерге жол тартады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаштың Мәскеудегі концерті телеарнадан қашан көрсетілетіні белгілі болды

Qazaqstan телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, халық Димаштың өнерімен жақын таныса түсуі қажет. Сондықтан телеарна аталған жобаны қолға алған.

"Біз концерттен бөлек, Димаш туралы деректі фильм түсіруге кірістік. Бұл өте маңызды жоба. Осы уақытқа дейін бірнеше түсірілім болды. Арнайы түсіру тобын жасақтадық. Қазіргі таңда Димаштың сахна сыртындағы өмірін түсіріп жатырмыз. Телеарнаның түсіру тобы әншімен бірге арнайы Мәскеуге барды. Оның Мәскеудегі концертіне қалай дайылдағанын түсірдік. Әншімен бірге жұмыс істейтін топпен кездесіп, олардан интервью алдық", - деді ол.

Сонымен қатар төраға 22-23 наурызда түсірілім тобы Мәскеуден өткен концерт аясында әртүрлі елден келген Димаштың фанаттарынан да сұқбат алып, кейін әншімен бірге Қытайға барғанын жеткізді.

"Жақында Димаш Қытайдың Хунань провинциясындағы әлемдік деңгейде өткен шоуда өнер көрсетті. "Хунань" телеарнасымен жасалған меморандумның арқасында Димаштың концертке дайындығын түсіруге мүмкіндік алдық. Себебі I’m Singer жобасынан әнші әлемдік сахнаны бағындыруды бастады. Оны түсіру бізге өте қызықты болды. Сондықтан қытайлық әріптестеріме көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін", - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол қазақстандық танымал әнші туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталған соң биыл күзде халық назарына ұсынылатынын атап өтті.

Димаштың Нұр-Сұлтандағы концерті: билеттердің жартысынан көбі сатылып кетті - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаштың Нұр-Сұлтандағы концерті: билеттердің жартысынан көбі сатылып кетті

"Осы уақытқа дейін біз көп материал түсірдік. Деректі фильммен әлі жұмыс істейміз. Себебі 29 маусым күні елімізде өтетін Димаштың жеке концертіне қалай дайындалғанын да түсіреміз. Фильмнің хронометражы қанша уақыт болатынын білмеймін. Оны көрермендерге осы жылдың күзінде көрсетуді жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді сөзін Qazaqstan телерадиокорпорациясының төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Астанада Димаштың алғашқы "Бастау" жеке концерті өткен. Ал биыл 29 маусымда әнші Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында екінші рет жеке концертін береді.

Жаңалықтар
0