Экономика

"Бұл дұрыс шешім" Назарбаев Қазақстанның экономикалық жағдайына баға берді

© Photo : АкордаҚазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы елдегі экономикалық ахуалға баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк: жалақының өсуі инфляцияға әсер етпейді
Кездесу барысында Досаев Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде баяндады.

Назарбаев қазір мұнай бағасының өсіп келе жатқанын атап өтті.

"Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында ұлттық банк пен үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын", – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Назарбаев қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу үшін қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Жаңалықтар
0