Экономика

Ұлттық банк: жалақының өсуі инфляцияға әсер етпейді

© Sputnik / Владислав ВодневЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляцияны 4-6% аралығында ұстап тұру

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Халықты әлеуметтік қолдау шараларына байланысты шығыстардың өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банктің жаңа төрағасы Досаев мәлімдеме жасады

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қаржы регуляторы инфляцияның таргеттеу саясатын жалғастыратынын атап өтті.

"Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляцияны 4-6% аралығында ұстап тұру. Ұлттық банктің бағалауы бойынша, әлеуметтік қолдауға қосымша қаржының бөлінуіне байланысты шығыстардың өсуі инфляциялық үдерістердің жеделдеуіне айтарлықтай әсер етпейді. Біздің болжам бойынша биыл инфляция мақсатты дәлізде сақталады", - деді Досаев сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, базалық ставка қаржы-несие саясатының негізгі құралы болып қала бермек. 4 наурыздағы жағдай бойынша, базалық ставка 9,25% деңгейінде қалды.

Бұған қоса, Досаев валюта нарығындағы ахуалға тоқталды.

"Валюта нарығында жағдай тұрақты. 2 сәуірде теңгенің айырбас бағамы жыл басынан бері 1,2 процентке нығайып, бір долларына 379,6 теңгені құрады", - деді ол.

Жаңалықтар
0