Өңірлер

Шымкентте медбикелер ыстық сумен клизма жасаған сәбиді шұғыл Алматыға жеткізді

© AP Photo / John LocherБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала мемлекеттік квота арқылы ем қабылдайтын болады

АЛМАТЫ, 3 сәуір — Sputnik. Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында медбике ыстық сумен клизма жасаған он айлық бала мемлекеттік квотамен Алматыда емделетін болды. Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлады.

Медбикелер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған медбикелер жұмыстан аластатылды

Сәби санитарлық авиациямен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілген.

Ведомство баспасөз хатшысы Мира Сүлейменованың айтуынша, дәрігерлер баланың ішегі күйіп қалды деп диагноз қойыпты.

Еске сала кетсек, 25 наурызда он айлық баланың іші ауырып, Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Үш күннен соң медбике ыстық сумен клизма жасапты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бала І-ІІ деңгейдегі күйік алған, күю деңгейі - 1 процент.

Қазір медициналық мекемеде тексеріс жүріп жатыр. Аурухананың үш қызметкері тексеріс біткенше уақытша жұмыстан аластатылды.

Жаңалықтар
0