Өңірлер

Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған медбикелер жұмыстан аластатылды

© Sputnik / Владимир Смирнов / Медиабанкке өтуМедбикелер
Медбикелер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте клизмадан күйіп қалған баланың әкесі полицияға шағым түсірген

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында балаға ыстық сумен клизма жасаған үш медбике жұмысынан уақытша аластатылды деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған: министр мен бас дәрігер пікір білдірді

"Қазір тексеру жүріп жатыр. Оның қорытындысы шыққанша, екі медбике және тағы бір аға медбике жұмысынан аластатылды. Қай медициналық қызметкерлерге қандай жаза қолданылғанын Шымкент қалалық денсаулық сақтау департаментінің тексеруі аяқталған соң қосымша хабарлаймыз", - дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Берілген мәліметке сүйенсек, бала І-ІІ деңгейдегі күйік алған, күю деңгейі - 1 процент. Бұл дерек қасақана жасалмаған оқыс оқиға ретінде тіркеліпті. Ал баланың жағдайы, дәрігерлердің айтуынша, тұрақты әрі қанағаттанарлық. Сондықтан науқасты басқа республикалық медциналық ұйымға ауыстырудың қажеті жоқ деп тапқан.

"Бала енді облыстық балалар ауруханасының күйік шалу бөлімінде ем алатын болады. Ол жұқпалы дертінен айыққан. Балалар хирургі қарады, қазір емделіп жатыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Одан бөлек, күйген баланың әкесі Ерболат Сәменовтің полицияға шағым түсірген екен.

"Бүгін Еңбекшіқазақ аудандық полициясына шағым түсірдім. Содан кейін ғана бәрі әрекетке көшті. Бүгінгі шудан соң ғана. Баламда әлі маза жоқ, жылап жатыр. Кінәлілер жазасын алсын", - дейді ол.

Айта кетсек, Шымкентте инфекциялық ауруханаға түскен бір жасар бала медбикелер клизма жасаған соң жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Одан бұрын құсып, ыстығы түспеген балаға ауруханадағылар ЖРВИ диагнозын қойып, ем тағайындаған болатын. Үш күннен соң баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығуға тиіс еді. Соңғы сәтте дәрігер сәбиге клизма белгілесе керек.

Жаңалықтар
0