Экономика

БЖЗҚ басшысы ауысты: зейнетақы қорын енді кім басқарады?

© Sputnik / Ксения ВоронинаБЖЗҚ
БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа төрағасы тағайындалды

АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 1 сәуіріндегі шешімімен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) АҚ басқармасының төрағасы болып Жанат Құрманов тағайындалды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы қорын басқарған Нұрбибі Наурызбаеваның қызметтік өкілеттілігі тоқтатылды.

"Нұрбибі Наурызбаева басшылық еткен кезде БЖЗҚ менеджменттің жаңа деңгейіне көтеріліп, салымшылармен жұмыс істеу сапасы айтарлықтай артты. 2017-2018 жылдары қор зейнетақы қызметінің барлық түрін электронды форматқа көшірді. Белсенді салымшылар үлесі 67 проценттен 72 процентке дейін өсті" - делінген БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

© Sputnik / Сергей КимНұрбибі Наурызбаева
БЖЗҚ басшысы ауысты: зейнетақы қорын енді кім басқарады? - Sputnik Қазақстан
Нұрбибі Наурызбаева

Екі жыл бойы зейнетақы қоры қарыздарды қайтару үшін проблемалық активтермен белсенді жұмыс істеді. Қорға төленген қарыздың жалпы сомасы 16 миллиард теңгені құрайды. Ал 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі төленген қарыз сомасы 17,6 миллиард теңге болады.

Жанат Құрманов кім?

Жанат Бостанұлы Құрманов 1962 жылы Қарағандыда дүниеге келген. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (физик), Мәскеу экономика, менеджмент және құқық институтын (экономист) тәмамдаған.

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖанат Құрманов
БЖЗҚ басшысы ауысты: зейнетақы қорын енді кім басқарады? - Sputnik Қазақстан
Жанат Құрманов

Құрманов - физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары Қазақстаның ғылым академиясы ядролық физика институтында, Ресей ғылым академиясының біріккен ядролық зерттеу интитутында жұмыс істеді.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
"БЖЗҚ" басшысы 20 жылдан кейін зейнетақы қалай төленетінін айтты

1999 жылы ҚР Ұлттық банк департаменттерінің біріне қызметке тағайындалды. 2002-2006 жылдары БЖЗҚ бас директоры болды.

Одан бөлек, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", Halyk Finance, "Халык Life" директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің басшысы қызметін атқарған.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 28 наурызына дейін ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.

БЖЗҚ тарихы туралы

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында "МЖЗҚ" АҚ базасында құрылды. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері - қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.

БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан
Экономика
Енді зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болады

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқару Ұлттық банкке сеніп тапсырылған. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін тиімді басқаруды жетілдіру бойынша шаралар ұсыну ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске жүктелді.

Қазіргі зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ келесі қызметтерді атқарады: міндетті зейнетақы төлемдері, міндетті кәсіби зейнетақы төлемдері және ерікті зейнетақы төлемдерін қабылдау, зейнетақы төлемдерін жасау, зейнетақы жинағы мен төлемдерінің жеке есебін жүргізу.

Жаңалықтар
0