Экономика

"БЖЗҚ" басшысы 20 жылдан кейін зейнетақы қалай төленетінін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрбибі Наурызбаеваның мәліметінше, базалық зейнетақы жойылмайды

АСТАНА, 27 қыркүйек— Sputnik. "Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры" АҚ  басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева БАҚ-та тараған базалық зейнетақы жойылады, мемлекет жауапкершіліктен босатылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры - Sputnik Қазақстан
Экономика
Зейнетақы қорының мәлімдемесі депутаттың ашуын туғызды

Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында "БЖЗҚ" басшысы қазіргі уақытта зейнетақы төлемдері екі көзден –  мемлекеттік бюджеттен (базалық және ынытмақты зейнетақы) және БЖЗҚ-дағы азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарынан төленетінін хабарлады. Оның айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңға сәйкес ынтымақты зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар тұлғаларға беріледі. Ал 2040 жылдары зейнетке шығатын, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотындағы жинақтарына иек арта алады.

Осылайша Нұрбибі Наурызбаева зейнетақы төлемдерін тұрақты аудару арқылы жеке зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызды әрі қажетті екенін баса атап өтті. Яғни базалық құрамдауыштың жойылатыны жөнінде ешқандай әңгіме болмаған.

Қартаң әйел - Sputnik Қазақстан
Экономика
Министрлік: Қазақстанда зейнетақы Ресей мен Беларуське қарағанда жоғары

Сәйкесінше бюджеттен тағайындалатын базалық зейнетақының 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақытына тәуелді болатыны атап көрсетілді. 

Бұдан бөлек, мемлекет салымшылардың БЖЗҚ шоттарындағы міндетті зейнетақы жинақтары сақталуы үшін жауапкершілік алады.  

"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрайымы бұқаралық ақпарат құралдарында тараған базалық зейнетақы жойылады және "мемлекет зейнетақы сыйақысы үшін жауапкершіліктен бас тартады" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. 

Жаңалықтар
0