НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияға көшу екі жылға шегерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен енгізу бойынша үкіметке ұсыныс енгізді", - деп мәлімдеді комитеттен.
Жалпыға бірдей декларация қашан және кімдер үшін енгізіледі?
Бірінші кезеңде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастайды.
Тағы оқыңыз: Табыс декларациясы: сенат депутаттары үкіметке асықпауға кеңес берді
2023 жылдың қаңтарынан – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқа салалар) және олардың жұбайлары.
2025 жылы – халықтың қалған санаты.
"Әр кезеңнің қорытындысы талданып, проблемалық мәселелер анықталады және заңнама, әдістеме және ақпараттық жүйелерді жетілдіру шаралары қабылданады", - деп хабарлады комитет.
Қазір жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен енгізу жөнінде заңнамаға түзетулер әзірленіп жатыр. Өзгерістер парламенттің қарауына белгіленген тәртіпте ұсынылады.