Қоғам

Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосыла ма – министрлік жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневАстана халқы
Астана халқы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Газетте жарияланған мақалада Ахметов – Нұр-Ахметов, Иванов – Нұр-Иванов болады деп жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі желіде қазақстандықтардың тегіне міндетті түрде "Нұр" сөзі қосылып жазылады деген хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев отставкаға шыққаннан кейін немен айналысып жүр - фото
Айта кетсек, бүгін WhatsApp мессенджерінде тараған газетте жарияланған мақаланың суреті қазақстандықтарды біраз шулатты. Мақалада индустрия және цифрлық даму министрлігінің қаулысына сәйкес, қазақстандықтар 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тегіне "Нұр" сөзін қосып жазуға міндеттеледі деп жазылған.

"Яғни, Ахметов – Нұр-Ахметов, Иванов – Нұр-Иванов, Ким – Нұр-Ким болады және тағы басқа", - делінген материалда.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі газетте басылған мақаланың 1 сәуір – Күлкі күніне арналған әзіл-қалжың екенін хабарлады.

"Бұл жалған ақпарат. Мәселен, материалда индустрия және цифрлық даму министрлігінің қаулысына сілтеме жасалған. Қазақстанда мұндай министрлік жоқ екенін сіздер жақсы білесіздер", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Айжан Мусинова.

Екіншіден, оның айтуынша, мақалада белгісіз біреудің сөзі келтірілген.

Тағы оқыңыз: Кетті, бірақ қалды: Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаев не істей алады?

"Егер нағыз қаулы болса, онда түсіндірмені мемлекеттік органның нақты өкілі беретін еді, немесе кем дегенде өз аты-жөнін, лауазымын көрсетер еді. Үшіншіден, материалдың астында дереккөз – "бірінші сәуірдегі Щучинск" деп көрсетілген, яғни бұл бірінші сәуірге арналған әзіл екенін түсінуге болады", - деді Мусинова.

Жаңалықтар
0