Саясат

Назарбаев отставкаға шыққаннан кейін немен айналысып жүр - фото

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада Наурыз мерекесін тойлап, кадрлық ауыс-түйіс жасап, Алматыға аттанған

АЛМАТЫ, 27 наурыз - Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға шыққанына бір апта болды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның тұңғыш президенті немен айналысты? Бұл сауал көпті алаңдататыны анық.

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Естіп тұрсыз ба?" Назарбаевтың тапсырмасын орындамаған шенеунік сөз естіді
Нұрсұлтан Назарбаев отставкадан кейін қарша бораған қоңырауларға жауап берген. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған еді.

Назарбаев 19 наурызда ең бірінші боп Владимир Путинмен сөйлесті. Одан бөлек Шавкат Мирзиеев, Сооронбай Жээнбеков, Эмомали Рахмон, Ильхам Әлиев, Армен Саркисян, Петр Порошенко, Анджей Дуда сынды мемлекет басшыларымен де телефон арқылы тілдескен. Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл де байланысқа шықты. Ал Түркияның қазіргі президенті Ережеп Ердоған Назарбаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?

Астанада Наурыз мерекесін тойлауға Назарбаев пен Тоқаев бірге шықты. Олар ЭКСПО қалашағында бой түзген этноауылдарға ат басын тіреді.

© Sputnik / Владислав Воднев Наурыз мерекесіне Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев бірге келді
Назарбаев отставкаға шыққаннан кейін немен айналысып жүр - фото - Sputnik Қазақстан
Наурыз мерекесіне Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев бірге келді

Мейрамға алтын түстес шапан мен құндыз бөрік киіп келген Елбасы қазақстандықтарды наурыз мейрамымен құттықтады. Сол жерде қазақтың төл мерекесі күні бас қосып, өздеріне тілек білдіруін сұраған 9 жұпқа Назарбаев батасын берді.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не айтты?
25 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры етіп тағайындады. Одан бөлек Елбасы кеңсесінің бірқатар бөлім басшысы тағайындалды. Мәселен, Айдос Үкібай Елбасының баспасөз хатшысы болса, ал Арслан Дәндібаев протокол басшысы болды.

Ал кеше, 26 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевты алматылық жастар әуежайдан гүл шоқтарымен құшақ жая қарсы алды. 2 мыңнан аса студент Қазақстанның тұңғыш президентіне ел дамуына қосқан үлесі үшін өз алғыстарын білдіріп, ол кісіні мәңгі жадыларында сақтайтынын жеткізді.

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаевты Алматыда жастар қарсы алды
Назарбаев отставкаға шыққаннан кейін немен айналысып жүр - фото - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаевты Алматыда жастар қарсы алды
Жаңалықтар
0